«Әділдік және өркендеу» Қорының Батыс Қазақстан облысындағы белсендісі Ақтаудағы өңірлік өкілдерінің кездесуінде ауылдық жерлерде жұмысшы мамандардың тапшылығы проблемасын көтерді. Айдар Гусманов Ресеймен шекаралас Бәйтерек ауылында тұрады, «Айдос» шаруа қожалығын басқарады, мал және өсімдік шаруашылығымен айналысады. Фермер елді мекендердің болашағына алаңдаулы. Оның пікірінше, ауылдар құрыса, қала тұрғындары импортталған ет пен астық сатып алуға мәжбүр болады.
«Ауылда маман табу қиын, бізде тек зейнет жасына жақындаған адамдар қалды, олар тағы 5-6 жыл жұмыс істеп, кетіп қалады. Жастар қалаға кетеді, жаңа техника берсек те, ешкім жұмыс істегісі келмейді. Мен жаңа трактор мен комбайн сатып алдым, жұмыс үшін барлық жағдай жасаймын, бірақ жастар бармайды. Жұмысшы мамандықтарының беделі жоқ. Ондай проблемаға кезіккен мен ғана емес. Мен депутаттарға, әкімдікке хабарласып, олар жұмыс істейтін адам табуға уәде берді, бірақ ешкім табылмады. Тағы бес жылда ауылда жұмыс істейтін адам қалмайды. Мектепті бітіріп, колледжге түсетіндердің бәрі мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Олар жанармай құю бекеттеріне барады. Оқушылармен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, мамандықтың болашағын көрсету қажет деп санаймын. Егер мектеп немесе колледждер жас мамандарды тәжірибеге жіберсе, мен оларды шаруа қожалығына жұмысқа алғым келеді.
Ақтаудағы Қордың өңірлік өкілдерінің кездесуінде мен белсенділердің жаһандық мәселелерді талқылап, шешім іздейтініне көз жеткіздім. Ауылдағы жұмысшы кадр тапшылығы мәселесін Қордың қолдауымен шеше аламыз деп үміттенемін», - деді Айдар Гусманов.