Новости КАЗ

«Әділдік және Өркендеу» ҚҚ Түркістан облысындағы қоғамдық қабылдауына 60-тан астам сауал келіп түсті

«Астана және Түркістан облысындағы «Әділдік және Өркендеу» Қорының белсенділері бірлесіп, Zoom платформасында халықпен кездесу өткізді.


Түркістандағы қабылдауды Қордың облыстағы белсендісі Амангелді Қалыбек жүргізді. Жиынға өкілдік жетекшісі Әдемау Толысбаева мен журналист Тельман Бейсен қатысты.
Жергілікті тұрғындар тарапынан 60-тан астам сауал келіп түсті. Түркістандықтар жұмыс шартының бұзылуы, жалақы өндіру, алимент, жарнама салығы, интернет алаяқтық, заң алдындағы теңдік мәселелерін көтерді.

Белгілі заңгер, қоғам белсендісі Ляззат Кендебайқызы ауқымды онлайн консультациялар өткізді. Ол Астанадағы қоғамдық қабылдауда отырып, түркістандықтардың сұрақтарына ZOOM арқылы жауап берді. Алдағы уақытта өкілдік тарапынан қоғамдық қабылдау жұмыстары ұдайы жүргізіліп отыратын болады.
Сондай-ақ «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ өкілдері жергілікті қоғам белсендісі, журналист, эколог Қайрат Кәрібаевпен кездесті. Ол Қордың мақсат-міндеттері мен Үндеу-Манифестін толық қолдайтынын жеткізді.

«Әділдік және Өркендеу» ҚҚ халықтың қордаланған мәселелерін шешу үшін нақты ұсыныстар әзірлеп жатыр. Өз басым ұйымның жұмысына ризашылығымды білдіргім келеді. Себебі, Қор адамдар мен билік арасындағы алтын көпір болып, халықтың үнін Үкіметке жеткізіп отыр. Ұйым жұмысшылардың құқықтары, еңбек қауіпсіздігі, заң қабылдау кезінде азаматтардың пікірін ескеру, сапалы ем қабылдауға, білім алуға мүмкіндік беру сынды бастамалар көңілімнен шығып отыр»,-деді Қайрат Кәрібаев.

Қоғам белсендісі барша қазақстандықты «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ Манифестіне қол қойып, еліміздің байтақ болашағын бірге құруға шақырды.