Азамат Мусилов, қоғам белсендісі: жолға бөлінген қаржының жартысы діттеген жеріне жетпейді
«Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорының белсендісі Азамат Мусилов Батыс Қазақстан облысындағы жолдардың жағдайын бақылап, сапасын сараптауды жалғастырып жатыр. Оның айтуынша, әсіресе жергілікті жолдарға бөлінген қаржының шамамен 45% діттеген жеріне жетпейді. Нәтижесінде, жолдың жабыны нашар, бір жылға жетпей шұрықтесікке айналады.
Қордың «Саналы ұлтқа-сапалы жол» жобасы аясында қоғам белсендісі жақында «Өнеге – Бисен – Сайхин» тас жолына арнайы барды. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі бұл жол учаскесіндегі күрделі жөндеуді биыл аяқтауды жоспарлап отыр. Дегенмен, Азамат Мусиловтың айтуынша, біраз жұмыстар әлі атқарылмаған.
«Чапаев – Казталовка – Өнеге – Жәнібек», «Чапаев – Казталовка Өнеге – Бисен – Сайхин» жолы учаскелеріндегі жөндеу жұмыстары биыл аяқталмайтын да секілді. Осымен екінші жылқатарынан трассаны уақытша ғана ашып қоюға мәжбүр. Негізі, жол барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін ғана пайдалануға беріледі, яғни жол жиектері бекітіліп, профильдер қойылады, асфальттың үстіңгі қабаты төселеді, жол белгілері мен маркировкасысалынады, барлық аялдама павильондары, жол белгілері, қоршаулар орнатылады. Ал, біз көрген участкеде мұның бірі де жоқ», – дейді Азамат Мусилов.
Ал, ауыл тұрғындары болса жол құрылысының аяқталуын асыға күтіп отыр. Себебі, күз мезгілі түсіп, ауа-райы бұзылғанда айналма жолдар жарамсыз болып қалады. Осылайша Бөкейорда және Жәнібек аудандарының тұрғындары облысқа қатынай алмайды. Жыл сайын осындай көрініс.
«Өнеге-Бисен-Сайхи және Өнеге-Жәнібек» ең проблемалы аймақ. Бұл жол бөлігінде жұмыс толық тоқтап тұр,-дейді Азамат Мусилов. -Біріншіден, құрылыс материалдарының жетіспеушілігіне байланысты «Атырау Құрылыс» ЖШС өз міндеттемелерін орындай алмайды отыр. Екіншіден, «Uniserv» және «Теміржол жөндеуші» ЖШС жөндеген жол учаскелері бір жылға жетпей бұзылып жатыр. Анықталған олқылықтарды мердігер компаниялар түзетуі тиіс», – дейді Азамат Мусилов.
Азамат Мусиловпен бірге бұл жол учаскесін ҚРИндустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің өкілі Марат Махамбет те қарап шықты. Министрлік өкілі «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорының белсендісі анықтаған барлық олқылықпен толық келіседі. Енді қалған жол жұмыстарын аяқтау үшін қаржыландыруды күтуге тура келеді.
Естеріңізге сала кетейік, «Саналы ұлтқа-сапалы жол» жобасы биыл мамыр айында басталған. Осылайша «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қоры Қазақстан өңірлеріндегі тас жолдардың жағдайын бақылап, сараптама жүргізуге кірісті. Жоба қорытындысында барлық мониторинг нәтижелері жарияланып, Қордың ұсыныстары мен тілектері Үкіметке жіберіледі.