Новости КАЗ

Қор жақтастары су басқан аумақтарды тазартуға атсалысты

«Әділдік және өркендеу» Қорының жақтастары Жамбыл облысының Сарысу ауданында су басқан көшелер мен аулаларды тазартып жатыр.

Сарысу ауданында 7 шілде күні қатты жауын-шашын салдарынан 400-ден астам үйдің ауласы, 47 үйдің іші мен 1 мектептің жертөлесін су алды. Зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдай салдарынан болған материалдық залалды зерделейтін жұмыс тобы құрылып, қызметіне кірісіп кетті. Жаңатаста жергілікті ауқымдағы ТЖ жарияланды. Нөсер жауын-шашынның салдарынан қаланың көшелері суға толып, топырақ пен құлаған ағаштар тұрғындарға кедергі келтіріп жатыр.

Алғашқылардың бірі болып блогер Бауыржан Балғабай тұрғындарға көмекке асықты. Ол су басқан үйлер туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдарға жедел жеткізіп отырды. Қоғам белсендісі бұл жағдайды әлеуметтік желілерде жариялап, әр тұрғынға көмектесу үшін бар күшін салып жатыр.

«Әділдік және өркендеу» қорыныңбелсенділері су басқан көшелер мен аулаларды тазартуға атсалысты. Игі іске Тараз қаласы мен Байзақ аудандық Жастар ресурстық орталықтарының еріктілері де сүбелі үлесін қосты.