Новости КАЗ

ЖАНАТ МҰХАМЕДЖАН: «Жарлыдан зарлы туады»

«Елдің экономикалық өсіміне қарамастан, халықтың нақты табысы өсіп жатқан жоқ, оны инфляция, тоқтаусыз көтеріліп жатқан азық-түлік бағасы мен тарифтер жеп қойып жатыр. Бұл біз үшін үлкен проблема, себебі «жарлыдан зарлы туады» деген бар. Біздің қоғам өзгеріске дайын. Біз сол өзгерістердің оң әсерін әрбір қазақстандық сезсе дейміз. Біздің міндетіміз – сол өзгерістерді халыққа жағымды әрі жайлы ету», деп атап өтті Астанада өткен басқосуда Солтүстік Қазақстан облысынан келген белсенді Жанат Мұхамеджан.