Белсенді, «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының Астана қаласындағы филиалының жетекшісі Ләззат Ахатова «Мінбер» радиохабарының қонағы болды. Сұхбат барысында ол Қордың басты мақсаттары мен міндеттері жайлы сөз қозғады. Спикер Қор ұстанатын және қолдайтын нақты 6 қағида жайында айтты. Әсіресе, еңбек адамының құқықтарын қорғау тақырыбы терең талқыланды. Заңгердің айтуынша, көп қазақстандық заң нормаларын біле бермейді. Салдарынан олар өз құқықтарын қорғай алмай, әділетсіздікке жиі кезігеді.
«Әділдік және Өркендеу» Қорының басты мақсаты - қарапайым еңбек адамдарын қорғау. Жалдамалы жұмысшылардың құқықтары бұзылған кезде, олар қай органға бару керегін білмей жатады. Арыз жазса да, оған дұрыс жауап ала алмаған азаматтар біздің қоғамда көп. Жұмысынан заңсыз шығарылған және жалақысын ала алмай жүргендер де аз емес. Сол себепті осы адамдардың мүдделерін қорғау - біздің негізгі қағидаларымыздың бірі. Сондықтан түрлі саладан жиналған тәжірибелі әрі кәсіби мамандар Қор атынан тиісті ведомстволарға жүгініп, ел тұрғындарына өз көмегін тигізіп жатыр»,- деді «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ Астана филиалының жетекшісі Ләззат Ахатова.
Сұхбат барысында ол «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының ауқымды жоспарларымен де бөлісті.
«Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде іргелі реформалар жүзеге асып жатыр. Біздің де жол - осы. Біз бүкіл республика бойынша тұрғын үй тарифтерінің көтерілуі және кедейлікпен күресуді көздеп отырмыз. Зейнеткерлерге, ауыл жастарына көмектесеміз. Қала мен ауылдағы білім сапасын арттыру, жастардың өз жолын табуына жәрдем беру бағытында жұмыс істейміз. Сонымен қатар ұйым белсенділері сот жүйесі мен құқық қорғау органдарындағы реформаларды қолдайды. Еліміздің 20 өңірінде Қордың өкілдіктері ашылды. Бірнеше қалада қоғамдық қабылдаулар бар. Әр азамат сонда келіп, тегін кәсіби кеңестер ала алады. Біз келушілердің әрқайсысына қол ұшын созуға дайынбыз»,- деп түйіндеді спикер.
Тікелей эфир барысында көптеген тыңдарман хабарласып, Қоғамдық қор белсенділерінің көмегіне жүгінуге ниет білдірді. Ләззат Ахатова әрқайсысымен жеке сөйлесіп, Қор тарапынан оларға қажетті заңгерлік қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Сондай-ақ Ләззат Ахатова барша тыңдарман қауымды «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ Астанадағы өкілдігінің жұмысы жайында хабардар етті. Қазір елордалық белсенділер түрлі салада қызмет етіп жатқан ұжым өкілдерімен кездесіп, ауқымды насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар Қордың негізгі құжаты –Манифест-үндеуде көрсетілген басты қағидалар туралы баяндап, Астана тұрғындарын оған онлайн қою қоюға шақырады https://share.kz/gjVY .