«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының YouTube платформасындағы арнасында «Әділдік құқығы» интернет-қабылдауының кезекті эфирінде заңгер Аржан Сәдуақас тұтынушылардың құқықтарын қорғау тақырыбын қозғады. Эфир барысында алаяқтардың құрбаны болған көрермен, осындай жағдайға тап болған тұтынушыларға кеңес беруді сұрады.
«Сатушы тұтынушының ақшасын алып, тауарды жеткізбесе немесе келісілген қызметті көрсетпесе, ол алаяқтық болып саналады. Бұндай кезде ең алдымен полицияға барып, арыз жазу керек. Оған қоса, тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне де шағым жолдаған абзал»,-деп жауап берді А.Сәдуақас.
Кейін интернет-қабылдау барысында жеңілдікпен сатылған тауарларды қайтаруға қатысты сауал қойылды. Заңгердің хабарлауынша, кәсіпкер жеңілдікпен сатылған тауарды қайтарудан бас тарта алмайды.
«Тауар сатылымға шығарылғанда, оның бағасы нақты көрсетіледі. Яғни жеңілдік жасалса да, жасалмаса да тараптар тауардың құны бойынша алдын ала келісімге келді. Сол себепті сатушы 14 күн ішінде қайтарылған тауарды қабылдап, тұтынушыға ақшасын қайтарып беруге міндетті. Тұтынушының қалауы бойынша, ол тауарды басқасына ауыстыруға да заңда рұқсат берілген»,- деп түсіндірді заңгер.
Осы орайда құқық қорғаушы қайтаруға жатпайтын заттарға тоқталып өтті. Оның айтуынша, іш киім, химиялық заттар, дәрі-дәрмектер, тұрмыстық заттар мен жануарларды қайтаруға болмайды.
Егер тұтынушының қолында сатып алынған тауардың чегі болмаса да, оны қайтаруға болады. Заңгердің айтуынша, тұтынушы тек дәл осы сатушыдан тауар алғанын дәлелдеп шығуы керек.
Эфир көрермендерінің бірі азаматтардың жеке заттарын тексерудің заңдылығына қатысты сұрақ жолдады.
«Дүкендер, көңіл көтеру және тамақтану орындарындағы күзет қызметкерлері тұтынушыларды тек визуалды түрде ғана тексере алады. Ал, сөмкені ашуды талап етуге немесе қалтаны ақтаруға жол берілмейді. Мұндай тексерісті тек полиция қызметкерлері ғана жүргізе алатынын есте сақтаған жөн», -деп жауап берді Аржан Сәдуақас.
«Әділдік құқығы» жобасы азаматтарымыздың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Трансляция қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Әрбір адам өзінің құқығын қорғауға қатысты сұрақтарына жауап ала алады. Сонымен қатар азаматтардың adildik.org.kz@gmail.com электронды мекенжайына сұрақ жіберіп, заңгерлік кеңес алуына мүмкіндік бар.