Қор белсенділері: ауыл шаруашылығындағы жалдамалы жұмысшылар лайықты еңбекақы алуға тиіс
Талдықорғанда «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының белсенділері осы мәселені зерттеп, арнайы видеорепортаж дайындады.
Жетісуда 20 мыңнан астам шаруа қожалығы бар. Былтыр бұл саланы қолдауға бюджеттен 33,8 млрд теңге бөлінген, оның ішіндегі субсидия көлемі 27,3 млрд теңге. Алайда қомақты қаражат бөлінсе де, шаруалар ертеңгі күнге күмәнмен қарап отыр.
Олардың айтуынша, өнімді тұрақты түрде жөнелтіп отыратын нарық та, астықты мемлекеттік сатып алудың нақты жоспары дажоқ. Бұған қоса, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағасы арзан.
Әкімдіктер дағдарысқа қарсы жоспар әзірлемеген. Ал мемлекеттік органдардың сайттарында ауыл шаруашылығы өнімін сатып алушылар туралы ақпарат жарияланбайды.
Қордың Жетісудағы өкілдігі ауыл шаруашылығына бөлінген субсидия қаншалықты тиімді жұмсалғанын тексеруді талап етіп отыр. Қор белсенділері облыстық ревизиялық комиссия мен Жоғары аудиторлық палатаға хат жолдады. Бұл ведомстволар тексеріс жүргізуге кірісті.
– Мемлекет судсидия бағыттаған кезде бизнес барынша ашық жүргізілгенін қалайды. Шаруашылықтар өз кәсібін ашық жүргізсе, оларға адамдар жұмыс сұрап бара бастайды. Ал қазір қожалық иелерінің сөзіне қарасақ, бәрі жалқау, жұмыс істегісі келетін адам жоқ сияқты. Алдымен жалақы мөлшері мен қандай еңбек жағдайы жасалғанын анықтап алу керек қой.
Біз мәселені осы тұрғыдан, мемлекет мен фермерлердің қарым-қатынасы, байланысы тұрғысынан қарастырып отырмыз. Жұмыскерлер лайықты еңбекақы алуға тиіс. Барлық тізбек жасалып, ашықтық қамтамасыз етілсе, ауыл шаруашылығы саласы дами түседі, – деп санайды «Әділдік және өркендеудің» облыстағы өкілдігінің жетекшісі Әлия Ахмедиева.
Өңірдегі аграрлық саланы зерттеген қор белсенділері бірқатар ұсыныс әзірледі:
– шаруалар арасында өзара байланыс орнату;
– тұқым қоры мен ауыл шаруашылығы алқаптарының сапасын жақсарту бойынша жұмыс жүргізу;
– көкөніс, жеміс және бақша дақылдарын өндірушілерді мемлекеттік қолдауды күшейту.
Белсенділер маусымдық саудамен айналысатындарға қолайлы жағдай жасау керектігін айтады. Аграрлық инфрақұрылымды, су нысандарын жоспарлау кезінде қоғамдық бақылауды күшейту керек деп отыр. Ұсынымдар ауыл шаруашылығы министрлігіне жолданды.