Белсенді, «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының Қостанай облысындағы өкілдігінің жетекшісі Амандық Әмірхамзин «Қостанай таңы» газетінің тілшісіне сұхбат берді. Кездесу барысында ол Қордың басты мақсаттары мен міндеттері жайлы баяндап берді. Сондай-ақ спикер Қор ұстанатын және қолдайтын нақты 6 қағида туралы әңгіме қозғады.
Қостанай өңірінде «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ өкілдігі ашылған сәттен бастап, жергілікті белсенділер ұйымның жоспарына сай қызу жұмысқа кірісіп кетті. Өкілдік жетекшісі Амандық Әмірхамзин түрлі кәсіпорын ұжымдарымен бас қосып, Қор қызметін кеңінен насихаттап жүр. «Қостанай таңы» газетіне берген сұхбатында ол жаңа құрылған ұйымның жұмысы, мақсат-мүдделеріне тоқталып өтті.
«Бұл қор Қазақстанның 20 өңіріндегі мүдделестердің бастауымен құрылды деуге болады. Оппозиция да, партия мүшелері де емеспіз. Әр салада, әр жақта қоғамның мәселелерін көтеріп, жергілікті билікке көмекші болып жүрген белсенділердің басы тоғысқан орта. Бәріміз «осы елді бірлесіп дамытайық» деген ортақ мүддеге жұмылуға бекіндік. Өйткені, Президенттің реформаларын әлі түсінбей жүрген азаматтар бар. Тіпті, бұрмалаушылар да жоқ емес. Сондай олқылықтарды реттеу жолында еңбектенеміз»,-деді Амандық Әмірхамзин.
Қордың Қостанай өңіріндегі жетекшісі ұйым өзіне жүктеген проблемалар жайын да қозғады.
«Қоғамда шешілмей жатқан түйткіл көп. Мәселен, Қостанай облысында ауызсу, газ, мектеп, балабақша жетпей жатқан өңірлер бар, құрылыс саласында да май шаммен қарайтын мәселелер барын ешкім жоққа шығармайды. Мемлекет ақша бөлмейді емес, бөледі. Өңір-өңірге береді. Облыс басшылығы бәрін есепке алады, бақылайды, жұмыс істейді. Бірақ кей жағдайларда билік тарапынан қабылданған шешімдердің орындалмай қалып жатқаны кездеседі. «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ соларды ашып көрсетуге күш салады», – деді белсенді.
Ел халқын айтарлықтай алаңдататын денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер де сұхбат барысында айтылды.
«Әділдік және Өркендеу» ҚҚ негізгі мақсаты - қоғамның әл-ауқатын жақсарту. Осы бағытта пәрменді шаралар қабылдануы керек деп есептейміз. Мысалы, МӘМС-ті алайық. Оның түпкі мәнісі дұрыс. Онда айтылғандай, еңбекақыңыздың бір бөлігін төлейсіз, соған байланысты сізге қызмет көрсетеді. Әрине, біраз адамға көмегі тиіп жатыр. Бірақ жетілмеген тұстары да жетерлік. Қор өкілдері осындай мәселелерді көтеріп, оны Үкімет пен Парламентке жеткізеді»,-деп түйіндеді Амандық Әмірхамзин.
Сұхбат барысында белсенді Қордың негізгі құжаты – Қазақстан азаматтарына арналған Манифест-үндеудің негізгі тетіктеріне де тоқталды. А.Әмірхамзин Манифест-үндеуде көрсетілген басты қағидалар туралы баяндап, ел тұрғындарын оған онлайн қою қоюға шақырады.
Сонымен қатар белсенді Қордың қоғамдық қабылдаулары ашылғанын хабарлай отырып, мұнда келетін барлық азаматқа қолдау көрсетілетінін жеткізді.