Новости КАЗ

ModeХ Astana зауыты: жарақатсыз 500 күн

ModeХ Astana зауыты: жарақатсыз 500 күн

Modex Astana зауыты нарықта 4 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Іске қосылғаннан бері модульдік технология бойынша тұрғын үйлер салумен айналысады. Зауыт дайын бөлме сияқты жасалған блоктарды шығарады. Модульдерден кейін дайын үйді құрастыру ғана қалады. Бұл технология құрылыс мерзімін қысқартуға және тұрғын үй құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Мұнда 350 адам жұмыс істейді. Жұмысшылардың жалақысы 400 мың теңгеден басталады. Тәулігіне 24 блок шығарылады. Өндірістегі жұмыс қауіпті. Қауіпсіздік техникасын сақтаудың арқасында ұжым қызметкерлерінің бірде-бір жарақатсыз жұмыс істеп жатқанына 500 күн болған.

Өндіріс орнында жұмыс істеу ережелері түсіндірілетін оқу орталығы бар. Жыл сайын медициналық тексеріліп, өрт қауіпсіздігі бойынша жаттығулар жүргізіледі. Жұмысшыларға арнайы киім мен тамақ ұсынылады. Жол жүру де тегін. Ұжымда қауіпсіздік аудиті енгізілген.

«Қауіпсіздік аудиті дегеніміз - қызметкерлер бір-бірінің жанынан өтіп бара жатқанда қауіпсіздік шараларына мән береді. Ескертуді еңбек қауіпсіздігі инженері немесе басқа да лауазымды маман жасауы шарт емес. Кез келген қызметкер жұмысты тоқтатып, әріптесіне «жеке қорғаныс құралдарын ки» деп ескерту жасай алады. Барлық қызметкеріміздің өмірі сақтандырылған. Статистика бойынша бізде жарақат алу жағдайы азайды», - деп бөлісті «ModeX Astana» ЖШС еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы Айдар Жаңабаев.
2024-08-20 11:41