Новости КАЗ

«Әділдік және Өркендеу» ҚҚ дөңгелек үстелінің нәтижелері бойынша қауіпсіздік техникасы бойынша қорытынды құжат қабылданды

«Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарындағы еңбек қауіпсіздігі» атты дөңгелек үстелдегі талқылау нәтижелері бойынша өнеркәсіптік нысандардағы еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдерін реформалау туралы шешім қабылданды.

Бұл жұмысқа Республикалық еңбекті қорғау ҒЗИ-ның өкілдері, бірқатар мемлекеттік органдардың, ҚР Кәсіподақтар федерациясының, жергілікті кәсіподақтардың, көміршілер кәсіподақтарының, еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі жеке ұйымдардың, құтқару ұйымдарының өкілдері, сарапшылар, «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының өңірлердегі белсенділері қатысты.

Өкінішке орай, еңбек құқықтарын қорғау саласында жұмыс берушілермен қақтығыстар артып келеді. Ал жұмысшылармен диалог көбінесе формальды сипатқа ие. Жұмыс берушілердің мүддесін ықпалды адамдар жақтайды, ал жұмысшыларға тек жекелеген белсенділер ғана көмек бередіі. Әдетте, еңбек инспекциясының пікіріне құлақ аса бермейді. Кәсіподақтар мен жұмысшылар арасынан шыққан белсенділердің алатын орны еленбейді. Дөңгелек үстелге қатысушылар өздерін естірту үшін өз көзқарастарын ұсынады.

Атап айтқанда, жұмыскерлер мен жұмыс берушілер арасындағы өркениетті диалог жүйесін дамытуға ықпал ету, сондай-ақ «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры жанынан түрлі мүдделі тараптардың – жұмыс берушілердің, мемлекеттік органдардың, кәсіподақтардың өкілдері мен еңбек қауіпсіздігі жөніндегі сарапшылардың қатысуымен Еңбек қауіпсіздігі жөніндегі қоғамдық комиссияны ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Бұл кәсіпорындардағы қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша жаңа шараларды әзірлеу және енгізу кезіндегі пікірлер мен тәжірибенің барынша кең ауқымын қамтамасыз ететін болады.

Сонымен бірге, қауіпсіздік техникасының нормалары мен осы саладағы заңнаманың сақталуына бақылауды күшейту қажеттігі аталып өтті. Жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейту мақсатында қолданыстағы заңға өзгертулер енгізу ұсынылып отыр.

Жұмыскерлердің өзекті мәселелері мен қажеттіліктерін айқындау үшін өнеркәсіптік кәсіпорындарда әлеуметтік мониторинг жүргізу ұсынылды. Бұл жұмыскерлерден кері байланыс алуға және туындаған мәселелерге тез ден қоюға, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиімді шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді.

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨНЕРКӘСІП ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ»


мәселелері талқыланған дөңгелек үстелдің қорытынды құжаты


«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының бастамасымен 14-нші ақпанда Астанада «Қазақстанның өнеркәсіп орындарындағы еңбек қауіпсіздігі» мәселелері талқыланған дөңгелек үстел өтті.

Оның жұмысына еңбек қауіпсіздігі жөніндегі Республикалық ғылыми-зерттеу институтының, өнеркәсіп саласындағы бірқатар мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының өкілдері, сарапшылар, еңбек қауіпсіздігі жөніндегі жеке ұйымдардың өкілдері, «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының аймақтағы белсенділері қатысты. Олардың ішінде:

1. Миргаязов Марат Вакифович, Көмір өндірушілер кәсіподағының төрағасы

2. Хасенов Марат Майданұлы, Өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері Қауымдастығының президенті

3. Өтешов Нұрлан Сүлейменұлы, ҚР Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары

4. Зуй Виктор Николаевич, «Батыр Көмір» Жергілікті кәсіподағы» ҚҚ атқарушы комитетінің мүшесі, «Богатырь Көмір» ЖШС цех комитетінің төрағасы

5. Лукин Андрей Рудольфович, «Қорғау» көміршілер Кәсіподағының Бас техникалық инспекторы

6. Раздоров Юрий Владимирович, «Қорғау» көміршілер кәсіподағының Техникалық инспекторы

7. Михайлюк Сергей Юрьевич, «Батыр Көмір» жергілікті кәсіподағы» ҚҚ Төрағасы

8. Калиясов Мирас Марсұлы, Жерасты машинисті

9. Нұрлан Айдос, «Жәйрем» кен орнының кеншісі

10. Нүсіпбеков Ермек Болатқұлұлы, Костенок атындағы шахтаның ардагері

11. Спирин Александр Николаевич, Жарылыстан қорғау, төтенше жағдайларды жою, оқыту және кеңес беру жөніндегі сарапшы

12. Хамзе Шәмші Махсұтұлы, «Қазақмыс» корпорациясының кеншісі, «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ Ұлытау облысы бойынша өкілі

13. Бекмағамбетов Әлімжан Бауыржанұлы, ҚР ЕХӘҚМ «Еңбекті қорғау жөніндегі Республикалық ғылыми – зерттеу институты» РМҚ Бас директорының м.а.

14. Бақаев Ерлан Ғабдоллаұлы, «Атамекен» ҰКП Өңдеу өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары

15. Бегімбетов Нұрболат Балабекұлы, Мердігер мекемелердегі қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жөніндегі сарапшы

16. Геращенко Виктор Петрович, «Өскемен СЭС» АҚ жоспарлау және даму бөлімінің жетекшісі

17. Димбаев Ахат Әуесханұлы, Еңбекті қорғау, өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі саласындағы компания директоры

18. Иневатова Марина Викторовна, «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ Қарағанды облысы бойынша өкілі және тағы басқалар бар.

Қазақстанның өнеркәсіп орындарындағы техникалық қауіпсіздік мәселесін талқылай келе қатысушылар мынаны мәлімдейді:

Әділдік, Әділетті Қазақстанды құру бағыты секілді - абстрактілі ұғым емес. Экономиканың нақты секторының еңбеккерлері үшін бұл, ең алдымен, әрбір кәсіпорын мен өндірістегі әр еңбек адамының құқығы және оның қауіпсіздігі.

Өкінішке қарай, жұмыс берушілермен қақтығыстар көбейіп барады. Еңбек адамымен диалог көбіне ресми сипатқа ғана ие. Ықпалды адамдар жұмыс берушілер мен меншік иелерін жақтайды. Ал, нағыз еңбек адамының жағында жеке белсенділер ғана жүр. Еңбек инспекциясының пікіріне ешкім құлақ аспайды. Кәсіподақтардың рөлі төмендеп барады. Біз, бұл жағдаймен мүлдем келіспейміз. Еңбек адамы мен кәсіподақтардың үні жұмыс берушілердің дауысынан бәсең естілмеуі керек. Және біздің ұсынысымыз мынадай:

1. Ең алдымен, жұмыскер мен жұмыс беруші арасында дәйекті диалогты дамыту. Әсіресе, қауіптілігі жоғары кәсіпорындардағы әрбір жұмыскердің еңбегі мен қауіпсіздігі қатаң қорғалуы тиіс. Тиісінше, осы саладағы заңнаманы күшейту қажет. Еңбек инспекциясының тексерісіне кәсіподақтар мен техника қауіпсіздігі жөніндегі тәуелсіз сарапшыларды қосу керек.

2. «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының жанынан қауіптілігі жоғары кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігіне қоғамдық бақылауды ұйымдастыратын комиссия құруды ұсынамыз. Комиссияның жұмысына Үкіметтің, жергілікті әкімдіктердің, жұмыс берушілердің, мамандандырылған кәсіподақтар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін шақыру керек.

3. «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры жанындағы Еңбек қауіпсіздігі жөніндегі қоғамдық комиссияның атынан Үкіметке, тау-кен шахталарында еңбекті қорғау жүйесін жаңғырту бойынша Жұмыс тобын құруды ұсынамыз. Ол топқа жұмыс берушілерді, мемлекеттік органдар мен кәсіподақтардың өкілдерін және аталған кәсіпорынның белсенді жұмыскерлері мен Қордың сарапшыларын қосу қажет.

3.1 Қор жанындағы Еңбек қауіпсіздігі жөніндегі қоғамдық комиссия қоғам өкілдерін тарта отырып қаупі жоғары кен өндіруші компанияларда еңбек қауіпсіздігі және қызметкерлерге қолайлы жағдай жасау мәселелері бойынша сараптама жүргізу үшін ұсыныстар енгізсін.

3.2 Қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды жүйелеу керек.

3.3 Жазатайым оқиғалардан жұмысшылардың денсаулығын қорғайтын бизнестің сақтандыру жауапкершілігін енгізуді қарастыру керек. Түскен қаражат жаңа шеккендерді қолдауға және зардаптарды жоюға жұмсалуы керек. Бұған қоғамдық бақылау қажет.

4. Қазақстандық кәсіпорындардың жұмыскерлері мен қызметкерлері арасында еңбек қауіпсіздігінің сақталуына қатысты «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының бастамасымен жүргізіліп жатқан әлеуметтік мониторингке барынша қолдау күтеміз. (https://share.kz/ga9J)

Ірі кәсіпорындардың атына жұмыскерлерге ақпаратты дер кезінде жеткізуді сұрайтын сауалнама жіберіп, мониторинг нәтижесін көпшілікке жария етуді ұсынамыз.

Құжат дөңгелек үстел қатысушыларымен талқыланып барып қабылданды.

21 ақпан 2024 жыл

adildik.org.kz@gmail.com

+7 701 986 99 66

+7 775 293 97 83