Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылының тұрғындары жергілікті әкімдіктен жер телімін ала алмай жүргеніне біраз жылдың жүзі болды. Жақын арада «Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының Түркістан облысындағы белсенділерінің қолдауымен 10 мыңға жуық адам осы жер учаскелерін иеленді. Қазығұрт ауданының әкімі оны растайтын қаулы шығарды. Соған сәйкес егістігі мен жайылымын қоса алғанда, аумағы 16 мың гектардан асатын жер телімдері халыққа ресми табысталды.
«Бұл округ тарихының бір парағы болып қалады. Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері 33 жыл өтті, содан бері жеріне ие бола алмай келген қаймана жұрт енді қолын жеткізді. Осы дауларда менің жанымда жүріп, үлкен еңбек сіңірген барша азаматқа, комиссия мүшелері, сот өкілдері, әкімдік пен Жер ресурстарын басқару департаменті қызметкерлеріне алғыс айтамыз»,-деді «Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының Түркістан облысындағы белсендісі Бекболат Қаржан.
«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының Түркістан өңіріндегі өкілдері жер мәселесіне қатысты жұмысын әрі қарай жалғастырмақ. Сондай-ақ белсенділер арнайы пилоттық жобаны қолға алып, ауыл шаруашылығында жүрген азаматтарға барынша қолдау көрсетпек.
«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қоры еліміздің барлық өңірінен келген азаматтардың бастамасымен құрылған. Қордың негізгі миссиясы қазақстандықтардың мүдделерін білдіріп, олардың еңбек құқықтарын қорғау, мемлекетпен өзара қарым-қатынастарға жәрдемдесу, ірі қалалар мен ауылдық жерлерде адамдардың өмірін жақсарту болып табылады.