«Әділдік және Өркендеу» ҚҚ Маңғыстау өңірлік филиалының өкілдері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын қолдау үшін сенбілікке шықты. Қоғам белсенділері игі іске қатыса отырып, аймақты абаттандыруға өз үлесін қосты.
Белсенділер Ақтау қаласының теннис орталығының аумағын қоқыстан тазартып, жақын маңдағы учаскелердегі құрылыс қоқыстары мен құрғақ шөптерді жинады. Өңірде жыл сайын тазалық пен тәртіпті сақтау бойынша іс-шаралар өткізіледі. Ақтау тұрғындары үшін мұндай акцияларға қатысу дәстүрге айналды.
«Біз барлық бей-жай қарамайтын адамдарды қала мен туған өлкемізді абаттандыруға өз үлесін қосуға шақырамыз. Таза ауа мен әсем қала-әрқайсымыздың бірлескен еңбегіміздің жемісі, табиғатты қорғау және аялау-біздің ортақ міндетіміз», - деді Маңғыстау облысындағы «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ филиалының өкілі Нұрлыбек Жалғасбай.
Бұл - Ақтау қаласы қоғам белсенділерінің экологиялық сенбілікке екінші рет шығуы. Сәуір айында Қор белсенділері қаланы қоқыстан тазартуға және Каспий теңізінің жағалауын ретке келтіруге атсалысты.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ өкілдері өңірлерде волонтерлар, елді мекен тұрғындары мен белсенділері қатыса алатын ерікті жасақтар құру туралы ұсыныс жасаған болатын. Отрядтардың қызметі су тасқынынан зардап шеккен аумақтарды тазартуға, сондай-ақ қираған объектілерді қалпына келтіруге көмек көрсетуге бағытталған.