«Әділдік және өркендеу» қоры мен Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Құжат аясында мектептегі тамақтану мәселесіндегі тараптардың әлеуетін күшейту көзделген. Қор мен комитет өкілдері тәжірибе мен идея, ақпарат пен технология алмасады.
Құжатқа Астанада Комитет төрайымы Насымжан Оспанова мен Қор директоры Дана Рысмұхамедова қол қойды.
«Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен әріптестік орнату – мектеп асханаларының жұмысын ашық ету жолындағы маңызды қадам. Мақсатымыз – қазіргі мәселелерді шешіп қана қоймай, тамақ сапасын арттыру. Балалардың дастарханында тек қауіпсіз тамақтың болуын қадағалау», — деді «Әділдік және өркендеу» қорының директоры Дана Рысмұхамедова.
Тараптар мектеп тамағының сапасын тексеретін бракераж комиссиясының жұмысын бақылауға алады. Бұл үшін сараптама тобы құрылған болатын. Олар азық-түлікке мониторинг жасап, тағамдардың санитарлық нормаларға сай болуын тексереді. Ата-аналар мен оқушылардың шағымын қарастырады. Бракераж комиссияларының жұмысын қадағалауға ерекше көңіл бөлінбек.
«Біздің ортақ мақсатымыз — балалар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру. Күш-жігерімізді біріктірудің арқасында мектеп тамағының сапасын жақсартамыз деп сенемін. Біз әрдайым ашық диалог пен бірлесе әрекет етуге дайынбыз», - деді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.
Айта кетері, «Мектеп мәзірі» - «Әділдік және өркендеу» қоры өз жұмысында басымдық беретін бағыт. Бұл қоғам белсенділері, мүдделі мемлекеттік органдар мен ғалымдардың бірлесіп шешуін талап ететін мәселе. Сондықтан «Әділдік және өркендеу» қоры Қазақ тағамтану академиясымен де меморандумға қол қойды.
Мектеп тамағының сапасына бірлесе мониторинг жүргізу, талдау жасап, ұсыныстар әзірлеу жоспарланып отыр. Тамақтану сапасын арттыру бойынша семинарлар мен іс-шаралар өткізу де қарастырылған.
Осы бағытта атқарылған тағы бір іс – Қор былтыр қараша айында мектеп сапасына қатысты ауқымды әлеуметтік мониторинг жүргізді. Зерттеуге елдің әр өңірінен 10 мыңнан астам ата-ана қатысты. Олардың 53%-ы ғана мектеп тамағының сапасына көңілім толады деп жауап берді. Ал 10%-ы «нашар» деген нұсқаны таңдады. Тағамдар біркелкі, қант пен тұз нормасы сақталмайды, азық-түліктің сапасы төмен деген уәж айтылады.
Қор әлеуметтік мониторингті жалғастырады, ал Комитет бракераж комиссияларының құқықтық және әдістемелік жұмысын күшейтеді. Алдағы уақытта мектеп тамағы стандарттарын жетілдіру бойынша жаңа ұсыныстар әзірленеді.