«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының YouTube платформасындағы арнасындағы «Әділдік құқығы» интернет-қабылдауының кезекті эфирінде тәуелсіз құқық қорғаушы, заңгер Аржан Сәдуақас табиғи апат кезінде мүлкінен айырылған азаматтардың көкейіндегі сұрақтарға жауап берді.
Азаматтар қандай залал үшін өтемақы талап етуге құқылы? Залалдың қай түрі өтелмейді?
Қазақстан Республикасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес, жылжымайтын мүлік объектілеріне жатпайтын уақытша құрылыстар, шаруашылық құрылыстар, сондай –ақ заңсыз салынған объектілер, бағалы киім, сән - салтанат заттары немесе бағалы металдардан жасалған көркемдік құндылығы бар заттар, төтенше жағдай туындаған кезде сақтандыру объектісі болып табылатын ҚР азаматтық заңнамасында айқындалған тәртіппен сақтандырушының қаражаты есебінен өтеуге жататын мүліктің құны өтелмейді. Мал шығыны үшін өтемақы алу қажет болған жағдайда, олар мал дәрігерінің есебінде тіркелуі керек. Егер жануарлар тіркелмесе, оның иесі кім екенін анықтау мүмкін емес. Осындай кезде шаруалар сол малдың иесі болғанын растайтын дәлелдемелерді беруге тиіс.
Келтірілген залалдың құны қалай анықталады?
Келтірілген залал құнын бағалаушы анықтайды. Зардап шеккен азамат бағалаушыны өзі таңдай алады. Мүлік иесі бағалаушымен бірге объектіге барып, тексеріске қатысуға құқылы. Бағалаушының қызметі жергілікті атқарушы орган тарапынан төленеді. Егер әкімдік бағалаушыны ұсынып, ол зардап шеккен тұлғаның көңілінен шықпаса, одан бас тартып, басқа маманды таңдауға рұқсат бар.
Үкімет суға кеткен үйлердің орнына жаңа үйлер сала ма?
Ел заңнамасында мұндай бап қарастырылмаған. Алайда бұған дейін қолданылған тәжірибеге зер салып, төтенше жағдай болған кезде Үкімет негізінен бұл міндеттемені орындайтынын айтуға болады.
«Әділдік құқығы» жобасы азаматтарымыздың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Трансляция қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Алаңда әрбір адам өзінің құқығын қорғауға қатысты сұрақтарына жауап ала алады. Мұнымен қоса, азаматтардың adildik.org.kz@gmail.com электронды мекенжайға сұрақ жіберіп, тегін заңгерлік кеңес алуға мүмкіндік бар.