Мемлекет қазақстандықтарға емделетін медициналық мекемені өздеріне таңдауға мүмкіндік беру керек. «Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының Қызылорда облысындағы белсендісі Анар Ізденнің пікірі осыған саяды.
Анар Ізден өңірдегі үкіметтік емес ұйым өкілдерімен бірнеше рет кездесті.
Белсенді оларға Қордың басты құжаты- биыл ақпан айында қабылданған Үндеу-Манифесті таныстырды.
Сондай-ақ бұл кездесуде МӘМС, мектептерде ыстық тамақ беру, жұмысшылардың құқықтарын қорғау және өндірістегі қауіпсіздік техникасы мәселелері талқыланды.
Жиынға қатысушылардың бірі жолдасы көз жұмғаннан кейін медициналық базада оған қатысты жалған мәліметтер пайда болғанын анықтады. Оған сәйкес, оның бақилық болған күйеуі 3 рет амбулаторлық ем қабылдаған. Алайда ер азаматтың ауруханаға баруы мүмкін емес екені түсінікті.
Жиында көптеген маңызды тақырып қозғалды. Қатысушылар ауылдағы медициналық мекемелерде білікті маман тапшылығына алаңдаулы. Сонымен қатар жұрт интернет желісінің қолжетімсіздігін айтып, аурухана дәрігерлері науқастарды қабылдағанда үнемі компьютерде анықтама қағаздарын толтыруға көп уақыт кетіретіне шағымданды.
Ауылды аймақ тұрғындары анализ тапсыруға және анықтама қағазын алу үшін қайта -қайта қалаға баруға мәжбүр. Олар әр кезде жолына және баспана жалдауға қомақты қаражат жұмсайды.
Кейде адамдарды медициналық жәрдем алуға да қалаға жібереді. Бұл өте ыңғайсыз. Сондай-ақ басқосуға қатысқандар үкіметтік емес ұйымдардың қызметі тек қысқа мерзімді жобалармен шектелетін жеткізді. Салдарынан жұмыскерлер жалақысын тұрақты түрде ала алмайды. Ал, егер пациент бір рет болса да, жарнаны төлемесе, емхана оны МӘМС жүйесінен шығарады.
«Мемлекет азаматтарға өз қаражатына қызмет көрсететін медициналық мекемені таңдауға мүмкіндік беру керек. Кездесуге келгендер МӘМС жүйесінде жиналған қаражат туралы ақпараттың жоқтығы мен ол ақшаның қайда кетіп жатқаны белгісіз екеніне алаңдаушылығын білдірді. Және де тиісті жарнаны төлеп отырған науқастар дәрі-дәрмектің басым бөлігін өздері сатып алатынына наразылық танытты», - деді Анар Ізден.
Белсенді Қордың қызметі жайлы баяндай отырып, ӘМСҚ төрағасы орынбасарының қатысуымен өткен сараптамалық сессия нәтижелерімен бөлісті.
Үкіметтік емес ұйым өкілдері Қызылорда қаласында да өңірлік медициналық мекеме жетекшілерімен осындай шара ұйымдастыруды жөн көрді.

Еске сала кетейік, «Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының белсенділері қазақстандықтарды елдің мықты, әділ және гүлденген болашағын құру үшін Манифестке онлайн қол қоя отырып, Қордың жұмысына қосылуға шақырады.