«Әділдік және Өркендеу» ҚҚ жұмысының басты қағидаларының бірі әр адамды тыңдап, әрқайсысын есту болып табылады. Сол себепті белсенділер еліміздің шалғай жатқан ауылдарына дейін барып жатыр. Олар Жетісу өңіріндегі Көксу ауданы Жарлыөзек ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Қордың басты құжаты-Манифест-үндеумен танысқаннан кейін, тұрғындар Қор өткізіп жатқан Әлеуметтік мониторингке қатысуға ниет білдірді.
Шаруалардың жұмысында кезігетін қиыншылықтар кездесуде талқыланған басты тақырыптың бірі болды. Олардың көбі өз учаскелерінде дәнді дақылдың қай түрін өсіру керегін шеше алмай жатыр. Ал, алынған өнімді сатудағы мәселелердің салдарынан шаруашылықпен айналысуды тіптен тоқтатқысы келетіндер де бар. Мәселен, былтыр олар жүгеріні жинамай, егін қар астында қалды.
Шаруалар өңір басшылығы мен Үкіметтен олардың құқықтарын қорғау және дайын өнімді сату механизмдерін әзірлеуді талап етіп отыр. Сондай-ақ олар өңдеу кәсіпорындарының тапшылығы мен аймақта егінді сақтайтын қоймалардың жоқтығына наразылық білдірді.
Ауыл тұрғындары өңірде шығарылатын өнімді сату мәселесін шешу үшін ынтымақтастық орнатуға дайын екенін жеткізіп, белсенділердің бастамасын толық қолдады.