Еңбек күні қарсаңында жарияланған байқау жеңімпазы – тараздық жұмысшы Қуанышбек Әбдуалиевке сыйлығымыз жетті. Ол – бесінші разрядтағы газ кесуші. Бұл мамандықтың қыр-сырын түсінетіндер бесінші разряд ең жоғары біліктіліктің көрсеткіші екенін біледі. Майталман маман болу үшін Қуанышбек Әбдуалиев 15 жыл бойы тынымсыз еңбектенген.
Ол газбен кесуге қызығушылық таныта бастаған кезде бәрі қолмен жасалатын. Бұл ерекше зейін мен ұқыптылықты талап етті. Қазір де маман жұмыс барысында барынша мұқият болуға тиіс. Алайда жыл сайын жаңа технологиялар енгізіліп, жұмыс автоматтандырылып жатыр, дейді «Имсталькон» зауытының қызметкері. Бұл бөлшектерді дайындау мерзімін қысқартып, шығарылатын өнім сапасын арттырған.
Қазір Қуанышбек Әбдуалиев өз білген-түйгенін студенттерге үйретіп жүр. Өйткені заманауи технологиялар енгізілсе де, өз ісінің шебері әрдайым сұранысқа ие болмақ.
«Адал еңбек - 2024» байқауының І орын иегеріне Қор робот-шаңсорғыш тарту етті.
«Бұл сыйлықты ата-анама табыстаймын. Өйткені сол кісілердің дұға-тілегінің арқасында осы жетістікке жетіп отырмын. Еңбегімнің еленгеніне қуаныштымын», - деп қысқа қайырды сөздің емес, істің адамы.