Биыл 17 наурызда «Наурыз жұмыскер» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады. Бағдарлама өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салалары қызметкерлеріне арналған. Биыл «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы аясында жұмысшы мамандықтары иелеріне 72 млрд теңге көлемінде 2 440 несие беру жоспарланып отыр, деп хабарлады Отбасы банк.
Мөлшерлемесі. «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы бойынша ипотека 9%-бен (Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 9,4%-дан 13%-ға дейін) беріледі. Ал әлеуметтік осал санатқа жататындарға 7 %-бен ұсынылады.
Бастапқы жарна. Таза әрлеудегі дайын пәтер сатып алғысы келетіндер 10% алғашқы жарна жинауы керек.
Сондай-ақ «Наурыз жұмыскер» бағдарламасымен қатар Отбасы банкі отандық кәсіпорындармен жұмыс істемек. Кәсіпорындар өз қызметкерлеріне несие беру үшін қаражат бөледі.
27 желтоқсанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялап, жарлыққа қол қойды. «Әділдік және өркендеу» қоры осы жыл аясында бірнеше бастаманы жүзеге асырады. Солардың бірі – Жұмысшы мамандықтар жылын өткізуді қоғамдық қолдау Орталығы.
Орталық ҮЕҰ, қоғам белсенділері мен Жұмысшы мамандықтар жылын лайықты өткізуге немқұрайлы қарамайтын азаматтар үшін ортақ алаңға айналмақ. Қор бұл үшін adalenbek.kz арнайы сайтын жасайды.
Қор осы ретте, ақпаратты бір ресурста жинау үшін үкіметтік емес ұйымдарды өз бастамалары туралы ақпарат бөлісуге шақырады. Бұл кез келген қазақстандық үшін ыңғайлы болмақ, яғни бір сайтқа кіріп, өтетін іс-шаралар туралы ақпарат алып, қатысуға мүмкіндік береді. Ақпаратты adildik.org.kz@gmail.com поштасына жіберуге болады.
Жұмысшы мамандықтар жылына арналған Қордың келесі бастамасы –"Еңбек даңқы" онлайн-кітабы. Бұл адал еңбекпен отбасын асырап, ел экономикасын еселеуге үлес қосып жүргендердің есімі жазылатын естелік кітабына айналады. «Еңбек даңқы» онлайн-кітабына кез келген қазақстандық лайықты деген жанды қоса алады. Бұл кітап та adalenbek.kz арнайы порталына жүктеледі.
Сондай ақ, Қор журналистер мен блогерлер арасында «Еңбек адамы туралы ең үздік материалға» байқау жариялайды.