Новости КАЗ

О. ДЕМЕНТИЕВСКАЯ: Қордың қызметі менің өмірлік ұстанымдарыма сәйкес келеді

«Әділдік және өркендеу» қорының Ақтауда өткен өңірлік өкілдіктер кездесуінде белсенділер ұйымның қызметін жандандыру бойынша өз идеяларымен бөлісіп, қоғам үшін өзекті мәселелерді қозғады.

Батыс Қазақстан облысынан келген Қор белсендсі Оксана Дементиевскаяның айтуынша, бүгінде автокөлік жуу орындарының иелері заңнамалық өзгерістерге байланысты бизнесті жүргізуде қиындықтарға тап болып отыр. Белсенді бұл мәселе қоғам мен билік өкілдерінің ерекше назарын қажет етеді деп санайды.

«Әлеуметтік желілерде көп жылдар бойы білетін әріптестер мен достарымыздың Қорда белсенді қызмет атқарып жатқанын көрдім. Бұл жұмыс менің өмірлік ұстанымдарыммен сәйкес келеді. Олар маған «Әділдік және өркендеу» Қорының Манифестімен танысуды ұсынды. Ұйым әрдайым еңбек адам, қарапайым халық пен тұтынушылардың құқықтарын қорғайды. Қордың нақты мәселелермен айналысатыны таң қалдырады. Ұйым өкілдері шешілмеген проблемаларға назар аударып, оларды тез арада шешуді талап етеді және осы бағытта жұмыс істейді, зерттейді, ұсыныстар әзірлейді. Мәселен, көп айтылған, бірақ әлі күнге дейін шешімін таппаған жолдар немесе МӘМС түйіткілдері бар.

Қордағы жұмыс аясында мен соңғы уақытта байқаған тағы бір мәселені көтермекшімін. Ол- көлік жууға қатысты проблема. Қазір автокөлік жуу орындарының иелері бұл мәселені өздері де айтып жүр. Жаңа Экологиялық кодекс пен Су кодексіне сәйкес, көлік жуу орындарында тек техникалық су пайдаланылуы керек. Бірақ еш қалада техникалық су жеткізу мәселесі шешілген жоқ. Мұны жергілікті билік қолға алу керек. Сонымен қатар енді автокөлік жуу орындар машинаны жуған суды кәрізге жібере алмайды. Өйткені алдымен суды тазартып алу керек. Бірақ оны тазалау үшін қымбат жабдық қажет. Шағын және тіпті орта бизнес үшін бұл қиынға соғады. Салдарынан кәсіпкерлер бизнесін жабуға немесе заңсыз жұмыс істеуге мәжбүр. Заңнаманы өзгерту себебі түсінікті - ол экологияны жақсартуға бағытталған, бірақ бұл көлеңкелі бизнестің пайда болуына немесе бірқатар шағын бизнестің жабылуына әкеп соқтырады. Бұл мәселені қоғам қайраткерлерімен бірге көтеруіміз керек», - деді белсенді.