«Әділдік және өркендеу» қоры жастар қанатының жұмысына медициналық оқу орындарының студенттері қосылды
«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының жастар ұйымдары мен медициналық оқу орындары студенттерінің Альянсы биыл 10 қазанда Астанада ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.
Қордың жастар қанаты сегіз жоғары оқу орнындағы 360 студент пен жастар қоғамдық бірлестіктерінің басын қосып отыр. «Әділдік және өркендеу» қоры жұмысының басым бағыттарының бірі – азаматтық белсенділікті арттыру, Қор қызметі аясында тәжірибеден өтуге мүмкіндік беру.
Медициналық оқу орындары студенттері Альянсының мүшелері Қордың денсаулық сақтау саласындағы волонтерлік, ағартушылық жұмысы мен әлеуметтік маңызы бар бастамаларын жүзеге асыруға қатысады. Жоғары сынып оқушылары мен студенттеріне нашақорлық, құмар ойындарға тәуелділіктің салдары туралы сынып сағаттары мен дәрістер өткізу жоспарланып отыр. Қоғамдық орындарда егде жастағы адамдардың қан қысымын тегін өлшейді.
– Қордың жұмысына қосылғанымызға қуаныштымыз. Біріге отырып тұрғындардың өмірін жақсартуға дайынбыз. Альянсымыздың салауатты өмір салтын насихаттау, репродуктивті денсаулық, алкоголь мен никотинге тәуелділікпен күресуге бағытталған жобалары бірлескен жұмыс барысында пайдалы болады деп сенемін, – деді медициналық оқу орындары студенттері Альянсының президенті Диас Сұлтангереев.
– Қор жақтастарының 30%-ы – 18-30 жас аралығындағы жастар. Қорымыздың жастар қанатының жұмысына қосылған белсенді, бастамашыл қыз-жігіттерді бағалаймыз, – деді қордың жастар қанатының жетекшісі Темірлан Балғабаев.
Студенттер ұйымдарымен серіктестік, жастардың азаматтық белсенділігінің дамуына қолғабыс жасау, жастар бірлестіктері жұмысына ұйымдастырушылық және әдістемелік тұсы бойынша қолдау көрсету Қор жұмысының маңызды бағыты.