Абай облысында арнайы топ жол сапасын тексеруге кірісті
Өңірде барлық деңгейдегі жаңадан салынып жатқан жолдардың сапасын қамтамасыз ету үшін арнайы мобильді топ құрылған. Ол тұрақты түрде жұмыс істейді. Топ құрамына «Әділдік және Өркендеу» қорының Абай облысындағы филиалының өкілдері де енген.
Мобильді топ бұл жолы Шар-Әуезов жолын тексерді. Төселіп жатқан асфальттың сапасын көрді, жүргізіліп жатқан жұмыспен танысты. Жолдың қалыңдығы мен ені жобаның техникалық сипаттамасына сай.
Ұзындығы 18 шақырым болатын жолдың 9 шақырымы төселген. Қалған жартысында жұмыс жалғасып жатыр.
Мердігер ұйымға құрылыс қоқысын уақытылы жинау керектігі ескертілді.
Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы арнайы сынамаларды алды. Жағдайды назардан тыс қалдырмай, алдағы уақытта тексеріс нәтижесін жариялаймыз.