Новости КАЗ

«Әділдік және Өркендеу» ҚҚ СҚО-дағы өкілдері проблемаларды бірлесіп шешу үшін өңірдегі азаматтық белсенділермен бірігеді

Солтүстік Қазақстандағы «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының өңірлік филиалының өкілдері белсенділер жиналысына қатысты. Отырыста мемлекеттік бағдарламалар мен реформаларды, тіл саясатын іске асыру және қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауды қоса алғанда, қоғамдық маңызы бар мәселелер талқыланды.

Қордың Солтүстік Қазақстан филиалының басшысы Жанат Мұхамеджанов қазіргі таңда ұйымның жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтып берді.

«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры жақында құрылғанына қарамастан, оның нақты мақсаттары бар. Бұл жаңа бастама әділ Қазақстанның дамуына ықпал ететін болады. Еліміздің қоғам белсенділері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған бағдарламалардың іске асырылуын бақылайды, өңірлерде реформаларды іске асыруға жәрдем береді», - деді Жанат Мұхамеджанов.

Сондай-ақ ол Қордың қызметі еңбек адамының құқықтарын қорғауға және қарапайым халықтың мүдделерін білдіруге бағытталғанын атап өтті. Ұйымның негізгі құндылықтары Манифест-үндеуде баяндалған, басым бағыттардың қатарында барлығына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, әрбір азаматтың қадір-қасиетін құрметтеу және қорғау, кірістерді бөлудегі әлеуметтік әділеттілік, азаматтардың шешім қабылдауға қатысуы сынды тетіктер бар.

Отырыс барысында белсенділер өңірдің өзекті мәселелерін шешу жолдарын әзірлеуді ұсынды. Басты проблеманың бірі – жолдардың көңіл көншітпейтін күйі. Сонымен қатар азаматтық белсенділердің пікірінше, баспана құрылысының сапасын да бақылау қажет.

Естеріңізге сала кетейік, «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры бүкіл республика бойынша бастамашыл қазақстандықтарды біріктіреді, олар халықтың өмір сүру жағдайларын жақсартуға және елдің өркендеуіне үлес қосуға дайын.