Новости КАЗ

Ардагер кеншілер көміршілердің петициясын қолдайды

Ардагер кеншілер көміршілердің петициясын қолдайды

Әбулайс Мұлақов – 41 жыл тәжірибесі бар кенші

«Қазақмыс» корпорациясы» жанындағы Ардагерлер кеңесінің төрағасы кеншілердің зейнет жасын 50-ге дейін төмендету бастамасын қолдайды.

«41 жыл кенші болдым, оның 35 жылында жер астында жұмыс істедім. Денсаулығымды құрттым. Қазір менің балаларым, інілерім, немерелерім шахтада күніне 10-12 сағаттап жұмыс істейді. Бұл өте қиын. Сондықтан ардагер кенші ретінде петицияны қолдаймын», - дейді ол.

Кеншілердің зейнетке ертерек шығуын қолдасаңыз, петицияға қол қойыңыз. Сілтеме профильде көрсетілген.