Шымкентте қор өкілдігі мен еңбек инспекциясы жұмысшылардың құқығын бірлесе қорғауға келісті
Шымкентте қор өкілдігі мен еңбек инспекциясы жұмысшылардың құқығын бірлесе қорғауға келісті
«Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қоры өкілдігінің жетекшісі Эльенора Ағабекқызы мен Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.
Тараптар түрлі саладағы еңбеккерлердің құқығын қорғау бойынша бірлесе әрекет етуге келісті. Қор мен еңбек инспекциясы қоғам пікірін зерттеп, билік органдарын құлағдар етіп, мәселені шешу жолдарын бірлесе ұсынуға келісті. Мақсат пен мүдде ортақ – қоғамда еңбек адамының мәртебесін көтеру, құқығын қорғау.
Былтыр қалалық еңбек инспекциясы 305 кәсіпорын мен ұйымды тексеріп, 747 бұзушылық анықталған. Олар бойынша 177 ұйғарым беріліп, айыппұл салынды. Жыл басынан бері 23 кәсіпорынның 430 қызметкеріне 102,6 миллион теңге сомасында жалақы бойынша берешек төленді.