«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорына еңбек құқығы бұзылған қазақстандықтардан арыз-шағымдар толассыз түсіп жатыр. Солардың бірі, алматылық компаниялардың бірінен жалақысын ала алмай жүрген IT маманнан келді. Оның айтуынша, бәрі жақсы басталған, сынақ мерзімі сәтті аяқталған соң тараптар еңбек шартын жасасады. Дегенмен, кейін жұмыс беруші жүктемені шамадан тыс арттыра түседі, арада кикілжіңдер басталады. Кейін жұмыс беруші тіпті жалақы беруден бас тартқан.
- ҚР Еңбек кодексінде көрсетілгендей, жұмыс беруші айына кемінде бір рет және 10-нан кешіктірмей жалақы төлеуге міндетті. Жалақы берілмеген әр күнтізбелік күн үшін сіз өсімпұл талап ете аласыз. Еңбек кодексінің 113-бабының 3-тармағы өсімпұлдың мөлшерін ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін негізге ала отырып белгілейді. Өсімпұл мерзімі өткен бірінші күннен бастап және төлем күнін қосқанда есептелуі керек, дейді қордың заңгері Самира Тайтенова.
"Сонымен қатар, жалақыны уақытында төлемейтін жұмыс беруші әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлеуге міндеттеледі", деп нақтылады қордың заңгері.
-Бұл шағым бойынша жұмыс берушіге сотқа дейінгі хабарлама жіберілді, бірақ ешқандай жауап болмаған соң, қордың көмегімен сотқа арыз жазылды. Қойылған талаптарға сәйкес жұмыс беруші қызметкерге өтемақы төлемдерін қоса алғанда, шамамен бір жарым миллион теңге төлеуге міндетті. Мұндай жағдайға тап болған әрбір азаматқа айтарым, істі созбай, еңбек құқығыңызды қорғаңыз.
Естеріңізге сала өтеміз, «Әділдік және өркендеу» қоры еңбек құқығы бұзылған азаматтардың арыз-шағымын жинауды жалғастырады. Егер сіз немесе таныстарыңыз, достарыңыз осындай келеңсіз жайтқа тап болып, алданып қалса – мына нөмір бойынша +7 778 978 02 12 немесе adil.enbek@gmail.com поштасы арқылы хабарлаңыз.