Новости КАЗ

«Әділдік және өркендеу» ҚҚ Алматы облысындағы белсендісі Іргелі кентінің тұрғындарын сумен қамту мәселесін шешуге көмектесіп жатыр

Алматы облысындағы Іргелі кентінің бес мыңнан астам тұрғыны сусыз қалды. «Асыл Арман» ТК тұрғындары бірнеше күн бойы суық және ыстық судың болмауына байланысты республикалық трассаны жабамыз деп отыр.

«Әділдік және Өркендеу» ҚҚ белсендісі Әсет Оңалбай оқиға орнына келді. Жергілікті тұрғындар және билік органдарымен кездесуде жерасты сорғылары мен төрт ұңғыманың істен шыққаны анықталды.
Жергілікті билік «Асыл Арман» ТК тұрғындарына су беруді қамтамасыз ететін ұңғымалардың біріндегі сорғыны ауыстыруға кірісті.

Іргелі кентінің аудандық әкімдігі қалған ұңғымалардың барлық қажетті бөлшегін ауыстыру және жөндеу жұмыстары бүгін аяқталатынына сендірді.

Әсет Оңалбай тұрғындарды сабырлық танытуға шақырды. «Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қоры Іргелі кентін сумен қамту мәселесін бақылауда ұстап, жөндеу жұмыстарын қадағалауға алды.