«Әділдік және өркендеу» қорының Белсенділер форумында 20 өңір өкілдері бас қосып, Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жоспарын талқылады. Бұл бастама қоғамда еңбеккерлердің рөлін арттырып, жұмысшы мамандықтар мәртебесін көтеруді көздейді. Жиынға қатысушылар қордың Әлеуметтік платформасын қабылдап, ұйымның даму бағытын талқылады.
Қордың бір жылда атқарған жұмысы
Форумда бір жылда тынымсыз еңбектенген белсенділер марапатқа ие болды. «Ақпарат үздігі – 2024», «Үздік ұйымдастырушы – 2024», «Үздік өкілдік – 2024», «Жыл серпіні – 2024», «Жыл белсендісі – 2024», «Берік азаматтық ұстанымы үшін», «Тиімді ынтымақтастық үшін» және «Ісіне адалдығы үшін» деген сегіз аталым бойынша үздіктер анықталды. Былтыр су тасқыны кезінде халыққа белсенді көмектескен волонтерлердің еңбегі еленді.
Былтыр қор міндетті медициналық сақтандыру жүйесі, жолдардың жағдайы, мемлекеттік мектептердегі тамақтану сапасына қатысты ауқымды әлеуметтік мониторингтер жүргізді. Қор белсенділері 7 200 км астам жолға мониторинг жасап, бірқатар өңірдегі мектеп асханалары мен ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда қауіпсіздік техникасының сақталуына тексеріс жүргізді. Кәсіподақтар, білім беру мекемелері және үкіметтік емес ұйымдармен 30-дан астам меморандумға қол қойылды. Өзара ынтымақтастық бірлескен жаңа жобаларға бастау болды.
Қордың қоғамдық қабылдауларына жүгінген 566 адамға көмек көрсетілді. Біріне заңгерлік көмек, енді біріне кеңес берілді.
Алдағы жоспар
Форумда «Әділдік және өркендеу» қорының бастамасы – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Қоғамдық қолдау орталығы ресми түрде таныстырылды.
Жыл аясында «Әділдік және өркендеу» қоры adalenbek.kz арнайы сайтын іске қосты. Сайтта ел бойынша өтетін іс-шаралардың интерактивті Картасы болады. Сондай-ақ «Еңбек даңқы» онлайн-кітабы жүктеледі. Бұл адал еңбекпен отбасын асырап, ел экономикасын еселеуге үлес қосып жүрген Сіз бен біздің жақындарымыздың есімі жазылатын естелік кітабына айналады. «Еңбек даңқы» онлайн-кітабына кез келген қазақстандық лайықты деген жанды қоса алады.
Өңірлік өкілдіктердің белсенділері өз жетістіктерін және 2025 жылға арналған жоспарын бөлісті.
«Қор белсенділері азаматтардың еңбек жағдайын жақсарту ниетімен өзекті мәселелерді шешуге тырысады. Соның арқасында, мәселен, Іргелі ауылында сумен қамту және Түрксіб ауданында ПК “Қонаев” құрылысының сапасына қатысты мәселелер өз шешімін тапты. Сондай-ақ, мектеп тамағының стандартын қайта қарауға бағытталған меморандумдарға қол қойылды. Жаңа нормалар 1 қыркүйектен бастап енгізіледі. Былтыр қаладағы қоғамдық қабылдауға еңбек дауы мен медициналық қызмет сапасына қатысты 30 өтініш келіп түсті. Қор “Эйр-Астанадан» жұмыстан шығарылған Тағабай Жұмабеков пен денсаулық сақтау жүйесінің проблемаларына тап болған Марина Кузьминаға көмек көрсетті», - деді Қордың Алматыдағы өкілдігінің жетекшісі Мирас Байсейітов.
«2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланып отыр. 9-сыныптан соң оқуға түсетін жастарды түгел дерлік тегін оқытуға баса назар аударылады. Колледждерді қаржыландыру екі есеге артты, бұл жабдықтарды жаңғыртуға, педагогтардың біліктілігін жақсартуға бағытталады. Дегенмен, түлектерді жұмыспен қамту, колледж жабдықтарының қазіргі заманғы стандарттарға сай келмеуі және кәсіпорын қызметкерлерін оқытуда қолдаудың аздығы сынды шешілмеген мәселелер қалып отыр. Жас мамандар ауылда қалғысы келмейді. «Әділдік және өркендеу» қоры жұмысқа орналастыру бағдарламаларының тиімділігі мен колледждердің жай-күйіне қоғамдық мониторинг жүргізуді ұсынады. Сондай-ақ, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыруға бағытталған бірқатар конкурс ұйымдастырады", - деді Қордың Павлодар облысындағы өкілдігінің жетекшісі Гүлнар Исенова.
Шәмші Хамзе, Қордың еңбек қауіпсіздігін қорғау жөніндегі комиссиясының төрағасы комиссияның алдағы жоспарын бөлісті: «Біз көшпелі мониторингті жалғастырып, кәсіподақтармен ынтымақтастықты нығайтамыз. Еңбек дауы бойынша бітімгерлерді оқытамыз. Әрбір жұмыскер қауіпсіз еңбек пен тиісті еңбек жағдайына лайық. Біздің мақсатымыз - барлық кәсіпорында еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастыру. Кәсіподақтармен бірлескен жұмыс осы бағыттағы маңызды қадам".
Сергей Елагин, Қордың ШҚО-дағы өкілдігінің жетекшісі: "Біз кәсіпорындар әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуде өзінің рөлін түсінгенін қалаймыз. Еңбек ұжымдарымен жұмыс істеу, еңбек жағдайының мониторингі және белсенділермен өзара іс-қимыл маңызды. Біз бұл күш-жігер еңбек жағдайын жақсартып қана қоймай, қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы сенімді нығайтуға көмектесетініне сенімдіміз ".
Форум жұмысына кәсіподақ ұйымдарының өкілдері де қатысты.
"Қазіргі уақытта қордың 10 мың жақтасы бар. Қызметтің басты бағыты - еңбек құқығын қорғау. Бұл тұста бағыт-бағдары бізбен үндес серіктесіміз - кәсіподақ ұйымдары. Олардың тәжірибесі мол. Кәсіподақтардың да бізбен ынтымақтасуға мүдделі екеніне қуаныштымыз", - деп атап өтті Қор директоры Дана Рысмұхамедова.
Қор еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау болатын Жосықсыз жұмыс берушілер тізімін қалыптастыра бастады. Бұл бастаманы форумға шақырылған кәсіподақ өкілдері жоғары бағалап отыр.
Бақыт Қаппаров, «Қазақстан Еңбек конфедерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі бас хатшысының орынбасары:
"Жосықсыз жұмыс берушілерді қоғамдық бақылауға алу керек. Сондықтан бұл тізім - өте пәрменді құрал. Кез келген жұмыс беруші осы тізім жайлы біліп, жұмысын жауапты істеуге тырысады. Өйткені тізімге енген жұмыс берушінің беделі түседі. Менің ойымша, осы тұрғыда Қор мен кәсіподақтар бірге жұмыс істей аламыз».
Андрей Пригорь, «Аманат» республикалық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы:
"Кәсіподақтар мен қордың мүдде, мақсаты мен міндеті сәйкес келеді. Сондықтан, егер біз бірлесіп жұмыс істесек, ауқымды жобаларды жүзеге асыра аламыз. Жосықсыз жұмыс берушілер тізімі жұмысшылар үшін де, жалпы қоғам үшін де өте пайдалы жоба».
Марат Миргаязов, «Казуглепроф» көміршілер кәсіподағының жетекшісі:
"Жұмысшыларды көптеген мәселе алаңдатады, тек жалақы, еңбек жағдайы ғана емес, әлеуметтік мәселелер де бар. Мәселен, өмір сүру жағдайы, жолдардың сапасы, балаларының мектептегі тамағы, қалаларды абаттандыру солардың қатарында. Әрине, кәсіподақ осының бәрін қамти алмайды, ал Қор дәл осы мәселелермен айналысады. Сондықтан біз ынтымақтасуымыз керек. Тек күш біріктірудің арқасында еңбек адамына лайықты жағдай жасай аламыз ".
2025 жылы белсенділер әлеуметтік мәселелер мониторингі мен еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды жалғастырады. Жастарға бағытталған білім беру бастамаларына ерекше назар аударылмақ.