«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының белсендісі Әлия Салиева БҚО ІІД жанындағы консультативтік-кеңесші орган мүшелерінің кезекті кездесуіне қатысып, қоғам мен биліктің тиімді өзара әрекет етуге азаматтарды ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.
Кездесудің негізгі мақсаты - халықтың ішкі істер органдарының жұмысына деген сенімін арттыру, полиция мен қала тұрғындары арасындағы өзара байланысты нығайту, консультативтік-әдістемелік және басқа да әлеуметтік мәселелерді шешуге қажетті көмек көрсету.
Кеңес отырысында қоғам үшін өзекті тақырыптар талқыланды. Әлия Салиева атап өткендей, жанашыр азаматтардың белсенді ұстанымы - ел қоғамының дамуына қажетті теңдесі жоқ ресурс.
«Біздің Қоғамдық қордың миссиясы – жағдайды бақылап, адамдардың пікірін зерттеу, азаматтардың сұраныстарына жедел жауап беру, билікке халықтың ең өзекті мәселелерін жеткізіп, оларды шешу жолдарын ұсыну»,- деді ұйым белсендісі Әлия Салиева.
«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорын қазақстандықтардың өмірін жақсартуға үлес қосуға дайын еліміздің белсенді азаматтары құрды. Азаматтық қоғам мен мемлекет өкілдері арасындағы өзара іс-қимылды жолға қою Қор жұмысының басым бағыты болып табылады. Қор белсенділері еңбек ұжымдарымен кездеседі, ел тұрғындарына құқықтық және гуманитарлық көмек көрсетеді, қазақстандықтардың өзекті мәселелерін шешуге атсалысады. Ұйым азаматтардың атынан мемлекет өкілдерімен диалог орнатып, еліміздің әрбір тұрғынына көмектеседі.