Новости КАЗ

Түркістан облысында адвокаттар тұрғындарға тегін заңгерлік кеңес бермек

Түркістан облысында адвокаттар тұрғындарға тегін заңгерлік кеңес бермек

«Әділдік және Өркендеу» қорының өңірлік өкілдігі мен облыстық Адвокаттар алқасы арасындағы меморандум аясында осындай мүмкіндік туындап отыр.

Құжатқа Адвокаттар алқасының төралқа төрағасы Қайрат Қамбаров пен «Әділдік және Өркендеудің» облыстық өкілдігінің жетекшісі Әдемау Толысбаева қол қойды.

Қор өкілдері адвокаттармен бірге кемінде айына бір рет ауылдарды аралап, тұрғындарға тегін кеңес беруді жоспарлап отыр. Облыстық адвокаттар алқасының құрамына 200-ге жуық адвокат енген.

Айта кетері, қор құрылғалы Түркістан облыстық өкілдігінің қоғамдық қабылдауы жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытқа дейін қабылдауға келген адамдар саны 300-ге жеткен. Тұрғындарды жер, ауызсу мәселесі, еңбек жағдайы, жұмыс орнындағы қауіпсіздік, жалақының кешіктірілуі сынды мәселелер алаңдатып отыр.

Қол қойылған меморандумның арқасында осындай мәселелерге қатысты құқықтық көмек көрсетіледі.