Новости КАЗ

Жамбыл облысының қоғам белсенділері денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді бірлесіп шешуге ниетті

«Әділдік және өркендеу» ҚҚ Жамбыл облысындағы өкілдігі мен «AQNIET» Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының филиалы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Қордың Жамбыл облысындағы өкілі Жангелді Омаровтың айтуынша, тараптар Денсаулық сақтау және әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелерін көтеріп, оларды шешу жолдарын ұсынуға ниетті.

Меморандумға қол қою барысында «AQNIET» филиалының төрағасы Бақыт Қозбақов медицина қызметкерлері заң алдында барлығының теңдігі қағидатын қолдайтынын атап өтті.

«Әлеуметтік мәртебесі мен материалдық жағдайына қарамастан, барлық азамат заң алдында тең құқықтар мен міндеттерге ие болуы керек», - деді ол.

«Әділдік және Өркендеу» ҚҚ Жамбыл облысындағы филиалының белсенділері медицина қызметкерлерімен бірлесіп, еңбек адамдарына құрметпен қарауды, олардың қабілеттері мен жұмыс нәтижелері бойынша қызметіне әділ сыйақы беруді, лайықты еңбек жағдайы мен жұмыс орнындағы қауіпсіздік кепілдігін қамтамасыз етпек.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері «Әділдік және өркендеу» Қорының қолдауымен Денсаулық сақтау жөніндегі қоғамдық комиссия құрылып, жұмыс істейді, оның шеңберінде сарапшылар медициналық сақтандырудың сапасы мен қолжетімділігін жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеп, саладағы басқа да мәселелерді көтереді.

Қордың негізгі құжаты барлық еңбек адамына арналған Манифест-үндеуде қоғамдық ұйымның басым бағыттары көрсетілген. Мұндағы негізгі қағидалар жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, кірістерді бөлудегі әлеуметтік әділдік, заң алдындағы теңдік, барлығына бірдей мүмкіндік, әр азаматтың қадір-қасиетін құрметтеу және қорғау, азаматтардың шешім қабылдауға қатысуына бағытталған.
2024-07-05 14:33