«Әділдік және Өркендеу» Қорының Жетісу өңіріндегі өкілдері өз жақтастарымен кездесулер ұйымдастыруды жалғастырып жатыр. Ұйымның ізбасарлары - өз елі мен ісі үшін жаны ашитын белсенді адамдар. Солардың бірі – өңірдегі белгілі жылқы өсіруші Александр Софин, ол «Жетісу асылы» атты ерекше тұқымды жылқы өсірумен айналысады.
Селекционердің айтуынша, ол өз ісін 1999 жылы бастаған.
«Әкем қатты ауырып қалғанда маған бүкіл шаруаны қолға алуға тура келді. Содан кейін ол маған торы түсті бір бие берді. Мен бұрын-соңды жылқы шаруашылығымен айналысқан емеспін. Кейінірек, шаруашылыққа кіріскенде ақ жылқыға қызығушылық таныта бастадым. Ал, 2002 - жылы ақшыл түсті айғыр табу үшін Балхашқа бардым», - деді Александр Софин.
Ашық түсті жылқы тұқымын өсіруге бірнеше жыл кетті. Тек 2004 жылы алғашқы ақшыл құлын пайда болды. Ал, қазір фермада осы жануарлардың бір табыны бар.
«Мен 25 жыл бойы жылқы өсірумен айналысып, мемлекеттен ешқандай қолдау алмаппын. Әрине, жұмыс барысында көптеген қиындыққа кезігесің. Өңірде жайылымдар мен жем – шөп жетіспейді, жоғары және орта арнайы білімі бар аграрийлер мен мал өсірушілердің тапшылығы бар. Тіпті, маусымдық жұмысшыларды табудың өзі оңайға соқпайды», - дейді жылқы өсіруші.

«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры жақтастарының қатарына қосыла отырып, Александр Софин әріптестерімен бірге ауыл шаруашылығы мәселелерін көтеруге үміттенеді. Бұл саланың әлеуеті зор болғанымен, мемлекеттің қолдауы да қажет болып тұр.
Александр Софиннің айтуынша, 2024 - жылдың ақпанында «Жайылымдар туралы» Заңға өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, құжатта «қоғамдық жайылымдар» ұғымы бекітілді. Бұл - елді мекендерге жақын орналасқан ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын жаюға арналған мемлекет меншігіндегі аумақтар.
Қазір ауылдық округтерде қоғамдық жайылымдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қор өкілдері де бұл процеске белсенді атсалысып, осы бағыттағы жұмыс сапасын жақсарту үшін мониторинг жүргізіп, өз ұсыныстарын енгізуді көздеп отыр. Сондай-ақ белсенділер фермерлердің мәселелерін шешуге жәрдем бермек.
Қоғамдық қор жақтастары Манифестке онлайн қол қою арқылы «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ қатарына қосыла алады.