Жетісулық қоғам белсенділері студент жастар арасында су тасқынынан кейін қалпына келтіру жұмыстарына қатысуға дайындығы туралы сауалнама жүргізді
Жетісудағы «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының белсенділері колледждер мен жоғары оқу орындары студенттерінің, сондай-ақ олардың оқытушыларының су тасқыны салдарынан су басқан өңірлердегі құрылыстарға бару үшін студенттік құрылыс отрядтарын қалыптастыру туралы пікірлері мен ұсыныстарын зерделейді.
Сауалнама көрсеткендей, зардап шеккен аймақтарға қалпына келтіру жұмыстарына барғысы келетіндер аз емес. Біздің респонденттер су басқан өңір тұрғындарына өз көмегін көрсетуге дайын.
«Қазір Қазақстанның кейбір облыстарының тұрғындары су тасқынының ауыр зардабын бастан кешуде. Егер студенттер су тасқынының салдарымен күресу үшін отрядтар құратын болса, ең алдымен, олар өздерінің күші-жігерін дәлелдейді. Екіншіден, игі іс жасау арқасында еріктілер алға қойған мақсаттарын түпкілікті түсіне алады. Сонымен қатар зардап шеккендерге көмектескендердің еңбегі төленеді, бұл да жақсы», - дейді студент Әнуарбек Дамир.
Тағы бір студент Нұрбол Әмірбековтің айтуынша, қазақ халқы барлық уақытта мұқтаж адамдарға қолдау көрсетіп, уақытында қол ұшын соза білген. Сондықтан студент жастар мен барлық бей-жай қарамайтын қазақстандықтар өздерінің белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетіп, зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіруге қатысуы тиіс.
Қоғам белсенділері бұл бастамалар жергілікті атқарушы орган өкілдері арасында қолдау тауып, жастардың ұсыныстары тыңдалады деген үмітте.
Естеріңізге сала кетейік, «Әділдік және Өркендеу» Қорының белсенділері су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге қатысып, зардап шеккен облыс тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетті. Сонымен қатар Қор өкілдері өңірлерде еріктілер, елді мекендердің бей-жай қарамайтын тұрғындары мен белсенділері қатыса алатын ерікті отрядтар құру туралы ұсыныс жасады. Отрядтардың қызметі су тасқынынан зардап шеккен аумақтарды тазартуға, сондай-ақ қираған объектілерді қалпына келтіруге бағытталмақ.