Жыл соңында атқарылған істерді қорытындылап, жоспар құру қалыптасқан дәстүр. «Әділдік және өркендеу» қоры да 2024 жылдағы қызметіне шолу жасайды.
«Әлеуметтік мониторингтер»
Биыл Қор бірқатар әлеуметтік мәселе бойынша «Әлеуметтік мониторинг» жүргізді. Соның бірі – жол сапасы. Анықталғандай, сауалнамаға қатысқандардың 68,5% елдегі жол құрылысының қарқынына көңілі толмайды. «Саналы ұлтқа-сапалы жол» жобасының жетекшісі, батысқазақстандық белсенді Азамат Мусилов биыл өңірде 7 200 шақырымнан аста жолды тексеріп шықты. Қор жобасының арқасында қазынаға миллиардтар қайтарылды.
Қордың тағы бір әлеуметтік жобасы мектептегі тамақ сапасына арналды. 14 қазан - 14 қараша аралығында «Әділдік және өркендеу» жүргізген сауалнамаға елдің әрбір аймағынан 10 мың ата-ана жауап берді. Тек 53%-і мектептегі тамақтану сапасына көңілі толатынын айтқан.
Әлеуметтік мониторинг нәтижесі бойынша, ата-аналардың пікірі мен ұсыныстарын талдай отырып, қор мектептегі тамақтану сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар әзірледі. Сондай-ақ
Қазақ тамақтану академиясымен бірлесіп мектеп мәзірін жақсарту жөнінде ұсыныстар жасады.
Еңбекті қорғау жөніндегі комиссия
Құрамына шахтерлер, кәсіподақ өкілдері, металлургтер мен құтқарушылар енген қор комиссиясы өңірлерге сапарға шығып, кәсіпорындардың ұжымдарымен кездесті. Кәсіпорындарда қауіпсіздік техникасының сақталуына мониторинг жүргізді.
Қоғамдық қабылдаулар
Қордың 7 аймақта қоғамдық қабылдаулары ашылды. Барлық өңір бойынша бір жылда 566 өтініш қаралып, еңбек құқығы бұзылған қазақстандықтарға кеңес берілді.
«Адал еңбек» байқауы
Жұмысшылардың құқығын қорғаумен қатар, еңбек адамының мәртебесін арттыру, осылайша қоғамда еңбек культін қалыптастыру – қордың негізгі миссиясы. Осы ретте қор Еңбек күні қарсаңында жұмысшы мамандықтар арасында бейнебайқау жариялап, оның жеңімпаздарын бағалы сыйлықтармен марапаттады. Байқауға түрлі кәсіпорындардан 60-тан астам жұмыс келіп түсті.
Ынтымақтастық
Бір жылда 30-дан астам меморандум жасалды. Қор кәсіподақтармен, «Қазақ тағамтану академиясымен», оқу орындарымен және мемлекеттік органдармен ынтымақтастық жөніндегі меморандумдарға қол қойылды.
Алдағы жоспар
Қор Жосықсыз жұмыс берушілердің алғашқы реестрін жасайды. Жосықсыз жұмыс берушілер тізімінің мақсаты – жұмыс берушінің еңбек заңнамасын сақтауына қоғамдық бақылауды күшейту. Еңбек кодексін бұзу жайттарын жария ету. Жосықсыз жұмыс берушілердің алғашқы реестрі 2025 жылдың басында жарияланады.
Қор Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Қоғамдық қолдау орталығын құрады. Орталық ҮЕҰ, қоғам белсенділері мен Жұмысшы мамандықтар жылын лайықты өткізуге немқұрайлы қарамайтын азаматтар үшін ортақ алаңға айналмақ. Ол жаңа жылдық мерекеден соң бірден іске қосылады.
"Әділдік және өркендеу" қоры республикалық жоба - «Еңбек даңқы» онлайн-кітабын қолға алды. Бұл адал еңбекпен отбасын асырап, ел экономикасын еселеуге үлес қосып жүрген Сіз бен біздің жақындарымыздың есімі жазылатын естелік кітабына айналады. «Еңбек даңқы» онлайн-кітабына кез келген қазақстандық лайықты деген жанды қоса алады.
Қор құрамы
20 облыста 8 мың жақтасымыз бар. Қордың жастар қанатының құрамына 1300 белсенді қосылды.
Барша жақтастарымызды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, 2025 жылы жақсылықтар жалғасын тапсын деген тілек білдіреміз. Үй ішіңіз қуанышқа толып, еңбегіңіз жана берсін!