«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры қазақстандық балалардың мектептердегі тамақтану сапасын жақсарту мақсатында арнайы жоба бастады. Соның аясында Қор белсендісі Әсет Оңалбай Алматы мен Жетісу өңірлеріндегі мектептерді тексере бастады. Бүгінге дейін ол орта білім беру мекемелерінің 25%-ын бақылап, мониторинг жүргізді.
Қоғамдық қадағалау нәтижесінде кейбір оқу ордаларында көптеген заң бұзушылық анықталды.
· ыстық тамақ сапасының нашар екені белгілі болды.
· тамақтың мөлшері нормадан аз болып шықты.
· білім ордаларының асханаларында санитариялық талаптары сақталмаған
· бірқатар мектеп басшылары қауіпсіздік шараларын елемей, ғимараттарда газ баллондарын орнатқан.
«Әділдік және Өркендеу» ҚҚ белсендісі Әсет Оңалбай барлық заң бұзушылық бойынша тиісті актілер толтырып, жауапты ведомстволарға жіберді.

Сонымен қатар белсенді Әсет Оңалбай Қазақ тамақтану академиясының басшылығымен кездесіп, мектептердегі ас мәзірін реттеу бойынша ұсыныстар әзірлеу бастамасын қолға алып отыр.
Қордың осы бағыттағы жұмысын жетілдіру үшін, белсенді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен кездесіп, Министрлік пен «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры арасында арнайы Меморандумға қол қою туралы келісті. Бұл құжат негізінде Қор тарапынан білім ордаларында жүргізілетін тексеріс күшейе түседі. Нәтижесінде «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры бүкіл республика аумағындағы орта мектептерді қоғамдық бақылауға алып, балалардың сапалы тамақтануын қамтамасыз етуге сүбелі үлесін қосады. Мемлекет тарапынан тамақтануға бөлінген қаражаттың жұмсалуын зерттеу де күн тәртібінде бекітілген.
Естеріңізге салайық, «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры бірнеше қоғамдық комиссия құрып, өнеркәсіптік кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі және МӘМС салаларын жіті бақылауға алды. Жақын арада республика аумағындағы тас жолдар мен мектептердегі тамақтандыру сапасын тексеретін қоғамдық комиссиялар құрылады.