Мектептер мен интернаттарда балаларға мерзімі өтіп кеткен айран беріліп жатыр. Кейбірінің асханасында егеуқұйрық жүр. Алматы қаласы, Түркістан, Жетісу және Алматы облыстарындағы мектеп асханаларын тексерген Қор белсендісі Әсет Оңалбаев осындай жайттарға жиі куә болады. Ол том‑том акт толтырып, аспаздарды жұмыстан шығаруды, жағдайды реттеуді талап еткен. Алайда «бір қарнымның ашатыны – видеоның бәрін көрсеткеннің өзінде тиісті шара қолданылмайды», дейді «Мектеп мәзірі» жобасының жетекшісі.
«Бір интернаттан балалар ішіп отырған шайдан құрт шықты. Тағы бір интернаттан егеуқұйрық шықты. Сол жайттар СЭС‑ке жетпеген, бұл қалай сонда? Мысалы, Кемертоған мектебі бойынша білім бөлімінің де қағазы бар, шағым жасап, СЭС-ке бергені жазылған. Алайда ол қағаздар ешқайда жетпеген. Бала деп шырылдап отырған білім бөліміне сеніп отырмын ғой. Сондағысы білім бөлімінен екі-ақ арыз түскен, қалған арыздар 4-5 ата-ананың және менің атымнан түскен», - дейді Әсет Оңалбаев.
Оның айтуынша, бұл мәселеге қоғам назарын аудару үшін әр мектептің 1-4 сыныптағы оқушыларының ата-аналары белсенді болуы керек.
Биыл 14-28 қазанда қорымыз жүргізетін әлеуметтік мониторингтің де мақсаты осы. Мемлекеттік мектептердегі тамақтың сапасына қатысты сауалнамамызға бір аптада 10 000-ға жуық адам қатысты.
Ата-аналардың жауаптарының арқасында мемлекеттік мектептерде тамақтану процесін ұйымдастыруға қатысты ең өзекті мәселелерді анықтаймыз. Сауалнама нәтижелері БАҚ-та жарияланып, Оқу-ағарту министрлігіне және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға жіберіледі. Қорымыз ата-аналардың пікіріне сүйене отырып, мектеп асханаларының сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлейді.