«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының YouTube платформасындағы арнасында «Әділдік құқығы» интернет-қабылдауының кезекті эфирі өтті. Оны заңгер, «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының Астанадағы өкілдігінің жетекшісі Ләззат Ахатова жүргізді. Сарапшы табиғи апат кезінде жергілікті атқарушы органдардан келтірілген залал үшін төленетін өтемақыны алу жолдары жайлы баяндады.
Елімізде болып жатқан су тасқыны салдарынан мыңдаған адам мүліктік зардап шекті. Баспанасынан немесе мал-мүлкінен айырылған қазақстандықтар аз емес. Енді олар жауапты ведомстволарға жүгініп, келтірілген залал сомасын өндіруге мәжбүр.
Заңгер Ләззат Ахатованың айтуынша, табиғи апат кезінде ең алдымен зардап шеккендерге мемлекеттен бірреттік жәрдемақы беріледі.
«Жәрдемақы 100 АЕК мөлшерінде, яғни 369 200 теңгені құрайды. Бүгінгі таңда бұл көмекті 12 642 отбасы алған. Одан бөлек, суға кеткен баспана, мал-мүлік, жарамсыз болып қалған дүниелерді Үкімет өз резервінен өтейді. Азаматтық қорғау туралы Заңның 58-бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалар залалдың орнын толтыруды талап ете алады. Су тасқыны салдарынан денсаулыққа едәуір зиян келтірілсе немесе туған-туыстары қаза тапса, тұрғын үй жарамсыз болып қалса, мал-мүліктері суға кетсе, қазақстандықтар залал орнын толтыруды талап етуге құқылы», - деді спикер.
Сондай-ақ заңгер Үкімет тарапынан өтелмейтін заттар тізіміне тоқталды.
«Азаматтық қорғау заңының талаптары бойынша аяқталмай қалған құрылыстар, заңды тіркеуден өтпеген мал-мүліктер өтелуге жатпайды. Өкінішке қарай, ауылды аймақтарда шаруалар мал басын тіркемейтін жағдайлар көп. Мысалы, қолдағы 70 қойдың 10-ын ғана тіркеген деректер жоқ емес. Осындай даулы мәселелер бойынша сотқа жүгініп, оны заң шеңберінде шешу қажет. Тұрмыстық техника, бағалы заттар, алтын, күміс, бағалы суреттер бойынша өтемақы берілмейді. Себебі, мұндай заттар заң жүзінде тіркелмейді», – деп мәлімдеді Л. Ахатова.
Тікелей эфир барысында Л. Ахатова Үкімет 100 АЕК көлемінде төленетін өтемақымен қатар қосымша 150 АЕК мөлшерінде көмек көрсететінін еске салды. Ол 553 800 теңгені құрайды. Бұл қаражат есебінен тіршілік етуге қажет болатын тұрмыстық заттарды сатып алуға болады. Қор белсендісі бірреттік жәрдемақы мен материалдық залалдың өтемақысын алуға қандай құжаттар қажет екеніне тоқталып өтті.
«Бірреттік жәрдемақыны алу үшін зардап шеккен адам Төтенше жағдайлар басқармасына барып, анықтама алады. Өзі бара алмаған кезде, сенімхаты бар жақындары бара алады. Ол анықтаманы Халықты жұмыспен қамту орталығына тапсыру керек. Мамандар 8 жұмыс күні ішінде ол ақпаратты тексереді. Мәліметтер расталғанда, 3 күнде жәрдемақы аударылады. Ал материалдық шығынға өтемақы алу үшін, ең алдымен, әлеуметтік шот ашу керек. Оған Egov.kz порталы немесе жергілікті әкімдіктерге барып, өтініш беруге болады. Арызға жеке басын растайтын құжатты қосу керек. Және де өтелетін мүліктің құжаттарын тапсырған абзал», – деді заңгер.
Келтірілген залал жергілікті бағалау комиссиясының шешімімен өтеледі.
«Әділдік құқығы» жобасы азаматтарымыздың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Трансляция қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Алаңда әрбір адам өзінің құқығын қорғауға қатысты сұрақтарына жауап ала алады. Мұнымен қоса, азаматтардың adildik.org.kz@gmail.com электронды мекенжайға сұрақ жіберіп, заңгерлік кеңес алуға мүмкіндік бар.