Новости КАЗ

Қазақстандық ЖОО президенті «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының Манифест-Үндеуін қолдады

Белгілі ғалым, қоғам қайраткері, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, Қазақстандық инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің президенті Ақсерік Әйтімов «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының Манифест-Үндеуін қолдап, құжаттың тұжырымдамасына жоғары баға берді.

Жастармен тікелей жұмыс жүргізетін жоғары оқу орнының құрылтайшысы әділдікті тәрбие берудегі басты қағидалардың бірі деп санайды.

«Қазіргі заманның жастары - еліміздің болашағы, өскелең ұрпаққа тәрбие беру- мемлекеттің алдында тұрған ең маңызды мәселенің бірі. Бұл процестің жүзеге асуы ел тағдырына тікелей әсер етеді. Қолда бар ресурсты қоғамға нағыз құндылықтарды ұластыру үшін пайдаланған жөн. Елімізде жастардың жан-жақты дамуына қажетті барлық әлеуметтік -экономикалық жағдай жасалған.

Екінші жағынан, назардан тыс қалып отырған жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру үшін олармен жұмыс жүргізу қажет.

Жастар қоғам мен оның бүгініне мұқият болғаны абзал. Еңбекті қажеттілік пен өмір сүру салты ретінде қарастыратын құндылықтарға деген тұтынушылық көзқарасты қою керек», -деп, сарапшы Қордың өңірлік белсенділерімен кездесуде өз пікірімен бөлісті.
Белсенділер қазақстандықтарды елдің мықты, әділ және гүлденген болашағын құру үшін Манифестке онлайн қол қоя отырып, Қордың жұмысына қосылуға шақырады.