Қордың Маңғыстау облысындағы филиалының белсендісі Нұрлыбек Жалғасбай Ақтаудағы Қазақстанның батыс аймақтарының өңірлік өкілдерінің кездесуінде қоғамдық ұйым қызметіне жақтастарды тарту жайында сөз қозғады. Белсенді көп жылдар бойы қоғамдық өмірге араласып, халықтың мәселелерін шешумен айналысып жүр. Ол «Әділдік және өркендеу» қорына келіп, аймақтағы проблемаларды билік органдарына жеткізуді көздеп отыр. Белсенді түрлі комиссияның қызметіне атсалысып, тұрғын үй, өңір тұрғындарының қауіпсіздігі сынды маңызды түйіткілдерді шешуге бел буды.
«Жақтастармен жұмыс жақсы жүріп жатыр. Өзім бұған дейін де қоғамдық ұйымдарда жұмыс істедім. Сол себепті Қорға өзіммен бірге көптеген жақтас әкелдім. «Әділдік және өркендеу» қоры халық пен биліктің арасын жақындастыра түскісі келеді. Бізде үлкен күш бар. Елде қолданылып жүрген көптеген заңға өзгеріс енгізу қажет. Халықтың қолында, көбіне, ақпарат болмайды. Сондықтан Қор өкілдері азаматтарға сол ақпаратты тиянақты жеткізіп, құқықтық тұрғыдан қолдау көрсеткені абзал»,-деді Қордың Маңғыстау облысындағы өкілі.