Астанадағы «Әділдік және өркендеу» ҚҚ өңірлік өкілдерінің кездесуінде тау-кен жұмысшысы Шәмші Хамзе өндірістегі еңбек жағдайларына қоғамдық бақылауды күшейту қажеттігін мәлімдеді. Белсенді өз тәжірибесінен ел кәсіпорындарындағы еңбек қауіпсіздігіне қатысты ахуал мен жұмысшылардың құқықтарын қорғаудың қаншалықты маңызды екенін біледі.
«Біздің миссиямыз, Қордың миссиясы - жұмысшылардың құқықтарын қорғау, мен тау-кен жұмысшысы ретінде қоғамдық ұйымның талпынысын толық қолдаймын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әділ Қазақстанда Еңбек адамы ерекше құрметке ие болуы тиіс екенін бекер айтпаған. 30 жыл ішінде біздің елде еңбек жағдайларының нашар болуына байланысты жұмысшыларға көптеген жазатайым оқиға болды.
Екі жыл бұрын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті елде жарақаттануды азайту мақсатында өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлерді даярлауға қойылатын талаптар күшейтілді деп мәлімдеді. Бірақ ештеңе өзгерген жоқ. Болып жатқан апаттар бізге қоғамдық бақылауды күшейту керек екенін көрсетеді.
«Әділдік және өркендеу» ҚҚ еңбек жағдайларының жай-күйін зерделеу мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп кәсіпорындарға баруды жоспарлап отыр. Біз қоғамдық қор ретінде жұмыс берушілерден кәсіпорындардағы қауіпсіздікті күшейтуді талап етеміз және осы бағытта жұмыс істейміз, бұл өмір сапасы мен еңбек адамының әл - ауқатына оң әсер етеді», - деп атап өтті Ұлытау облысындағы Қордың өңірлік өкілдігінің басшысы Шәмші Хамзе.