Сараптама тобы мектеп тамағының сапасын тексеретін бракераж комиссиясының жұмысын бақылауға алады. Топ құрамына «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының және Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері енді.
Мақсат – тексерушілерді тексеру емес, балаларға пайдалы, құнарлы тамақ ұсыну. Соңғы жылдары мектеп тамағы мәселесі қоғамда қызу пікірталас тудырады. Былтыр бірнеше өңірде оқушылар жаппай уланды. Маңғыстау облысында ондаған бала ауруханаға түсті. Бірқатар мектеп санитарлық талапқа сай емес азық-түлік пайдаланғаны анықталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп тамағын бақылауды күшейтуді тапсырды. Бала қауіпсіздігі – басты міндет, деді ол.
Енді мектеп мәзірі тек шенеуніктердің ғана емес, тәуелсіз сарапшылардың да бақылауында. Олар азық-түлікке мониторинг жасап, тағамдардың санитарлық нормаларға сай болуын тексереді. Ата-аналар мен оқушылардың шағымын қарастырады. Бракераж комиссияларының жұмысын қадағалауға ерекше көңіл бөлінбек. Өйткені тамақ сапасын іс жүзінде тексеретін комиссия жұмысты тек қағаз жүзінде атқарумен шектелуде.
«Сараптама тобы мектеп тамағының сапасын, асханада қызмет көрсететін кәсіпкерлердің жұмысын ашық әрі тиімді етуге сеп болады деп сенеміз. Мақсатымыз – қазіргі мәселелерді шешіп қана қоймай, тамақ сапасын арттырып, бала қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұзақмерзімді шешімдерді енгізу», — деді «Әділдік және өркендеу» қорының өкілі Әсет Оңалбаев.