Халықтың ауылдардан көшуі агроөнеркәсіп саласындағы кадр мәселесіне кері әсерін тигізіп отыр
«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының Батыс Қазақстан облысындағы белсенділері өңір халқының негізгі проблемалары жайлы білу үшін кәсіпорын қызметкерлері, өзін - өзі жұмыспен қамтыған азаматтар және ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кездесулер өткізуді жалғастырып жатыр. Облыс тұрғыны Айдар Гусмановтың айтуынша, бүгінде АӨК саласында мамандардың елеулі тапшылығы байқалады, бұған халықтың ауылдық жерлерден кетуі кері әсер тигізеді.
«Біздің шаруа қожалығымыз асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысады, қазақтың ақбас тұқымын өсіреміз. Қазір бізде 250 бас және 46 сүтті сиыр бар, жылқылар аз. Үшінші бағыт - өсімдік шаруашылығы. Біз бидай, сұлы, арпа отырғызамыз, малға шөп жинаймыз. Биыл 50 гектарға жүгері егілді. Фермамызда 14 адам жұмыс істейді, олар - сауыншылар, механизаторлар, аспаздар. Олардың орташа жалақылары 160 мың теңгеден асады. Негізгі дала жұмыстарымен айналысатындардың еңбекақысы жоғары», - дейді БҚО тұрғыны, «Айдос» шаруа қожалығы басшысының орынбасары Айдар Гусманов.
Жұмыс орындарының болуы мен еңбекақы төленуіне қарамастан, фермерлер ауыл шаруашылығында жұмысшы мамандар тапшылығына қынжылып отыр. Белсенділермен әңгіме барысында Айдар Гусманов ауылдағы мамандардың жетпей жатқанын айтты.
«Кадр тапшылығы бар және ол бірнеше жылдан бері байқалып келеді. Жылдан жылға жағдай нашарлап барады. Ауыл тұрғындары ірі қалаларға көшіп кетіп жатыр. Жастар мектепті бітіріп, дерлік барлығы қалаға кетіп қалады», - дейді шаруа қожалығының өкілі.
Ал, агроөнеркәсіпті дамытуға ең алдымен жұмысшылар қажет екені белгілі. Қоғамдық қор белсенділері мен АӨК қызметкерлері ауыл тұрғындарына салада жұмыс істеу үшін барлық жағынан қолдау көрсетіп, жағдай жасау қажет деген қорытындыға келді.
«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының қызметі жұмысшылардың мүдделерін қорғау, еңбек адамдары үшін тиімді жағдай жасау және олардың қызметінің нәтижелерін әділ марапаттауға бағытталған. Қор қызметінің негізгі бағыттары барлық қазақстандыққа арналған Манифест - үндеуде көрсетілген.