Еңбек құқығын бұзған жұмыс беруші жайлы ақпаратты ұйым қызметкері, журналистер, билік органдарының, кәсіподақтардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, құқықбұзушылық туралы білетін кез келген адам ұсына алады. «Әділдік және өркендеу» қоры жеке деректерді жарияламайды.
Жұмысшының Еңбек кодексінің 22-бабында қарастырылған құқығын бұзған кез келген жұмыс беруші реестрге енгізілуі мүмкін. Жалақының кешіктірілуі, қауіпсіздік техникасын сақтамау, жұмыс тоқтап тұрғаны үшін ақы төлеуден бас тарту, төленетін еңбек демалысын бермеу, жұмыстан заңсыз шығару сынды жағдайлар реестрге енгізуге себеп бола алады.
Бұл үшін Қор сайтында арнайы форманы толтыру керек. Өтініш беруші еңбек қатынасы мен құқықбұзушылық фактісін растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс (мәселен, хабарламалар скриншоты, еңбек шартының көшірмесі...).
Реестрді іске қосу қоғамдық бақылауды дамытып, құқықтық мәдениетті нығайтуға жағдай жасайды.
Қор барша жұмысшыны, қоғамдық ұйым өкілдері мен азаматтарды еңбек адамының құқығын қорғап, әлеуметтік әділдікті нығайтуды көздейтін бастаманы белсенді қолдауға шақырады.
Жосықсыз жұмыс берушілердің алғашқы реестрі 2025 жылдың басында жарияланады.