Ұлытау өңірінде еліміздің маңызды кен орындары орналасқан. Мұндағы шахталарда жүздеген кенші жұмыс істейді. Бұған дейін шахтерлардың еңбек құқықтарын қорғау мәселесіне баса назар аударылмады. «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ өкілдігі ашылғанда, жағдай күрт өзгерді. Белсенділердің бастамалары кеншілердің көңілінен шықты.
Жергілікті белсенді Шәмші Хамзенің хабарлауынша, Қор әзірлеген әлеуметтік мониторингке қатысамын дегендер қатары күн сайын артып жатыр. Қор өкілдігінің жетекшісі сауалнаманы жергілікті кеншілердің мобильді чаттары арқылы таратты.
«Әділдік және Өркендеу» ҚҚ бастаған Іс-әрекеттердің әлеуметтік платформасы кеншілер арасында үлкен қызығушылық туғызды. Сауалнаманы жіберген бетте 20-дан астам кенші хабарласып, сұрақтарға жауап бергісі келетінін жеткізді. Бұған дейін кеншілер өз еңбек құқықтарын қорғау тақырыбын аса қозғаған жоқ. Сол себепті болар, әлеуметтік мониторингте қамтылған түйіткілдер жұмысшылардың көңілінен шығып отыр, - деді «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ Ұлытау облысындағы өкілдігінің жетекшісі Шәмші Хамзе.
Айта кетерлігі, әлеуметтік мониторинг сәуір айының ортасына дейін жалғасады. Сауалнамада жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, әділ қоғам құру, отбасылардың материалдық жағдайын жақсарту, кедейлікпен күрес, медицина және басқа әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету сынды мәселелер қамтылған. Мониторинг нәтижелері «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры әзірлеген Іс-әрекеттердің әлеуметтік платформасына енгізіліп, Астанада өтетін Әлеуметтік форумда талқыланады. Сол арқылы әр өңірдегі өзекті әлеуметтік проблемаларды анықтау жоспарда бар. Кейін ол елдегі әлеуметтік -экономикалық ахуалды жақсартатын нақты шаралар мен бағдарламалар қабылдау үшін Қазақстан Үкіметіне жолданады.
Әлеуметтік мониторингтен Қоғамдық қордың ресми сайтында немесе мына сілтеме арқылы өтуге болады https://share.kz/g9Vt
Естеріңізге салайық, бұған дейін Қор өнеркәсіптік кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі мәселелері мен денсаулық сақтау саласындағы ахуал жөнінде әлеуметтік мониторингтер өткізді. Бұл сауалнамалардың нәтижелері де «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ Іс-әрекеттердің әлеуметтік платформасына енгізіледі.