«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен сараптамалық сессияға ҮЕҰ өкілдері, салалық басқарма басшылары, Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығының қызметкерлері қатысты. Жиын барысында Қызылорда облысындағы маусымдық жұмысшылар нарығының жағдайы, ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және туризм саласындағы маусымдық жұмысшылардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері мен олардың қызметін реттеудегі еңбек заңнамасы проблемалары қозғалды.
«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының Манифестінде «Біз еңбек адамына лайықты құрмет көрсетуді, жұмыскердің қабілеті мен ортақ іске қосқан үлесіне сай еңбекақы төлеуді, жұмысқа қолайлы жағдай жасауды, жұмыс орынында қауіпсіздікке кепілдік беруді қолдаймыз. Еңбек адамы – ел өркендеуінің негізі және олардың құқығы қатаң қорғалуы қажет» делінген. Осы бағыттағы шаралардың бастамашысы болып, Қор жұмысшылардың құқықтарының қорғалуы бағытында заңгерлердің онлайн кеңестерін ұйымдастыруда, әр аймақтан қоғамдық қабылдаулар ашылып, тұрақты жұмыс жасауда»,-деді Қор белсендісі Анар Ізден.
Сараптамалық сессияның қорытынды құжатына маусымдық жұмысшылардың құқықтарын қорғау бағытындағы кешенді шараларды қоғамдық ұйымдармен бірлесе атқару үшін Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасымен іс-шаралар жоспарын әзірлеу туралы ұсыныс енгізілді. Сондай-ақ кәсіпкерлер палатасы жанында орта және шағын кәсіпкерлік нысаны құрылтайшыларымен ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын жүргізу шараларын ұйымдастыру, Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасы қоғамдық және кәсіподақ ұйымдарымен Меморандумға отырып, зерделеу тобын жасақтап, маусымдық жұмыспен қамтылғандармен кездесулер өткізу тетігі қарастырылды. Сонымен қатар кәсіпкерлер тарапынан еңбек заңдылығының сақталуы бағытындағы ақпараттық –насихаттық материалдарды БАҚ арқылы жариялап, маусымдық жұмысшылар құқығының сақталуы үшін заңға сай еңбек келісімшарттарын жасау бойынша заңгерлер кеңесін ұйымдастыру қажет. Басқосуда мемлекеттік тапсырыс арқылы қаржыландырылатын жобалар келісімшартына маусымдық жұмысшылардың құқығының сақталуы бойынша арнайы тармақ енгізуді барлық мемлекеттік орган назарға алып, жұмыс жасау жайлы ұсыныс айтылды.
Кәсіподақ ұйымдары жұмысшылар құқығының қорғалуы бағытында ауқымды жұмыс жүргізгенімен, құзырлы орган тарапынан жұмысты күшейту керектігін алға тартты. Маусымдық жұмысшылардың денсаулығын сақтандыру мәселесі де бөлек талқылауды қажет етеді. Қоғамдық ұйымдар осы бағытта кешенді шаралар атқаруды сұрады. Аталмыш ұсыныстар «Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қоры арқылы Үкімет қарауына жолданатын болады.