Новости КАЗ

Мәдениет және спорт қызметкерлері «Әділдік және өркендеудің» бастамаларын қолдайды

Мәдениет және спорт қызметкерлері «Әділдік және өркендеудің» бастамаларын қолдайды

Жамбыл облысында қордың өңірлік өкілдігі мен "Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының" облыстық филиалы арасында меморандумға қол қойылды.

Тараптар жұмысшылардың құқығын қорғау бойынша бірлесе әрекет етуге келісті. Қор мен кәсіподақ қоғам пікірін зерттеп, билік органдарын құлағдар етіп, мәселені шешу жолдарын ұсынбақ.

«Біз еңбек адамдарының құқығын қорғау ісінде кәсіподақтардың сенімді серігі болғымыз келеді. Меморандум күш-жігерді үйлестіруге және еңбек заңнамасы бұзылған жағдайда маңызды ақпаратпен жедел алмасуға мүмкіндік береді. Жақын арада нақты іс-қимыл алгоритмі жасалады. Сондай-ақ, біз заңгерлер мен белсенділердің қатысуымен іс-шараларды бірлесіп өткізуге ниеттіміз», - деді қордың өңірлік өкілдігінің жетекшісі Жангелді Омаров.

Ал кәсіподақтар филиалының директоры Дүйсенәлі Бықыбаев барлық қызметкерді қуатты әрі әділетті қоғам құруға деген ортақ мақсат біріктіретінін атап өтті.