«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының Жетісу облысындағы филиалының белсенділері жұмыс берушілердің жол жұмысшыларына деген көзқарасына алаңдаулы.
Қордың Жетісу облысындағы өкілі Айдар Хаджимуратовтың айтуынша, «Алматы – Өскемен» тас жолындағы жұмысшылар аптап ыстықта тіршілік нәрінсіз қалып, ауыз суды жолдағы көлік жүргізушілерінен сұрауға мәжбүр.
«Олар қолдарына бос пластик бөтелкелерді ұстап, жолда келе жатқан жүргізушілерге белгі беріп, су сұрайды. Мен екі рет тоқтап, оларға су тараттым, біз өзімізбен бірге көп су алып жүрдік», - деді белсенді. – «Әділдік және өркендеу» Қоры қарапайым жұмысшылардың құқықтарын қорғайды. Біз «Алматы – Өскемен» трассасын реконструкциялауға тапсырыс берушілер мен мердігерлерден жұмысшыларға қамқорлық көрсетіп, оларды сумен, күн сәулесінен қорғайтын арнайы киіммен қамтамасыз етуді талап етеміз».

ҚР Көлік министрлігінің мәліметінше, «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автожолының 16 құрылыс учаскесінде 1 мыңға жуық маман мен 600 бірлік арнайы техника жұмыс істейді. Трасса Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарын байланыстырады. Асфальт 768 шақырым автожолға төселген. Мемлекет басшысы бұл автотрассаның құрылысын ерекше бақылауға алды, ол аяқталуға жақын.
Естеріңізге сала кетейік, «Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының негізгі әлеуметтік қағидаларының бірі еңбек адамына лайықты көзқарас, қарапайым қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады. Қор жұртшылық пен мемлекеттің назарын еңбек адамдарының проблемаларына аударуға тырысып, олардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.