Новости КАЗ

«Әділдік құқығы» атты Интернет-қабылдауы қазақстандықтарға құқықтық көмек көрсету мен олардың еңбек құқығын қорғау бойынша жұмысын бастады

«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры Қазақстан азаматтарының еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңгерлік қолдау мен кеңес беретін «Әділдік құқығы» атты интернет-қабылдауын ашып жатыр.

Жобаның бас сарапшысы еңбек құқығы бойынша белгілі тәуелсіз құқық қорғаушы заңгер, заң ғылымдарының магистрі, Астана қаласының Заң консультанттары палатасының заңгері Аржан Сәдуақас болмақ. Ол Қоғамдық қордың YouTube арнасында тұрақты түрде онлайн қабылдаулар мен тікелей трансляциялар өткізетін болады. Бұл алаңда әрбір адам өзінің еңбек құқығын қорғауға қатысты сұрақтарына жауап ала алады.

Мұнымен қоса, азаматтардың adildik.org.kz@gmail.com электронды мекенжайға өз сұрақтарын жіберіп, заңгерлік кеңестер алуына, еңбек құқығы тақырыбы бойынша өз бастамаларын ұсынуына болады.

Интернет-қабылдаудың жұмысына еңбек құқықтарын қорғау саласындағы сарапшылар, заңгерлер мен қоғам белсенділері тартылатынын атап өту маңызды, олар азаматтарға нақты мәселелерді шешуде ғана емес, сондай ақ олардың құқықтық сауаттылығын арттыруда да көмек көрсете алады.

«Әділдік құқығы» атты Интернет-қабылдауы тегін заңгерлік кеңес беру орны ғана емес, сондай ақ ҚР-дағы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауды жақсарту бойынша тәжірибе мен ұсыныстар алмасу алаңына айналатын болады.

Бізге қосылыңыздар!

Интернет-қабылдаудағы алғашқы кездесу алдағы бейсенбіде, 22 ақпанда, Астана уақытымен сағат 16:30-да өтеді. Тақырыбы: үстеме жұмыс және жұмыстан шығару кезіндегі даулар.

Трансляция Қоғамдық қордың YouTube арнасында жүргізіледі.

Сондай ақ өз сұрақтарыңызды Instagram, Twitter, Facebook және Telegram әлеуметтік желілеріміздің аккаунттарында орналастыруға шақырамыз.