Ақтөбе ферроқорытпа зауыты: «Мақсатымыз – жарақатсыз өндіріс»
Актөбе облысында соңғы 3 жылда өндірістегі жазатайым оқиғалар саны азайды. Еңбек инспекциясы басқармасының мәліметі бойынша, 2021 жылы өндірісте 107 жұмыскер зардап шегіп, 25 адам қаза тапса, 2023 жылы 80 адам түрлі жарақат алып, 13 адам өндірісте көз жұмған.
Ақтөбе ферроқорытпа зауыты өндірісте еңбек қауіпсіздігі технологияларын енгізуге ерекше мән беріп келеді.
«Жыл басынан бері 4 жазатайым оқиға болды – қазіргі уақытта зардап шеккендердің барлығы жұмысқа қайта оралды. Біздің мақсатымыз – жарақатсыз өндіріске жету. Осыған байланысты біз жұмысшылармен қауіпсіздік бойынша нұсқаулық өткіземіз, төтенше жағдайлардың алдын алу үшін жеке қорғаныс құралдарын таратамыз, үнемі мониторинг жасап, сауалнама жүргіземіз», – дейді зауыт директоры Ержан Абдулабеков.
«Егер біз қандай да бір қауіп-қатерді байқасақ, жұмысты кілт тоқтатамыз да, ол жайында бірден хабарлаймыз. Әрине, өндірісте адам қауіпсіздігі – басты назарда, дегенмен әр жұмысшының өмірі өз қолында», дейді қауіпті мамандықтың иесі, балқытушы Телағыc Сабитов.
2021 жылы зауытта ХХ ғасырдың ортасында салынған екі балқыту цехын жаңарту жұмыстары басталды. Қазір екі цехтың газ тазалау жүйесі жаңартылып, бірнеше пеш, соның ішінде 1943 жылы іске қосылған аты аңызға айналған «Комсомолка» толық жаңартылды.
Оның үстіне, жабдықтарды жаңарту мен өндіріс процесін автоматтандыру қоршаған ортаға шығатын зиянды заттарды 30%-ға азайтуға мүмкіндік береді.