«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының YouTube платформасындағы арнасында «Әділдік құқығы» интернет-қабылдауының кезекті эфирі өтті. Оны тәуелсіз құқық қорғаушы заңгер, заң ғылымдарының магистрі, Астана қаласының Заң консультанттары палатасының заңгері Аржан Сәдуақас жүргізді. Сарапшы еңбек құқығы, оның ішінде өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру тақырыбын қозғады.
Эфир барысында заңгер барлық кәсіпкер өз жұмысшыларын міндетті түрде сақтандыру керектігін ескертті.
«Мысалы, қандай да бір компанияның есепшісі құжаттарды салық органдарына тапсыруға бара жатып, жол-көлік апатына түссе, онда оның алған жарақаттары өз міндетін атқару кезіндегі жарақаттар болып танылады. Бұл кезде қызметкер жағдайды жұмыс берушісіне түсіндіру керек. Сол кезде жұмыс беруші сақтандыру компаниясына жүгініп, өтемақы төлеуді талап етуге тиіс. Өтемақы жарақат алған азаматтың денсаулығына келтірілген нұқсанға сәйкес есептеледі. Медициналық қызметкер сараптама жүргізіп, алған жарақаттың санатын анықтайды. Алайда өтемақыны төлеуден бас тартатын жұмыс берушілер де кезігеді. Мұндай кезде қызметкер өтемақыны сот арқылы өндіре алады. Сақтандыру компаниясымен шарт жасаспаған кәсіпкер де өз қызметкеріне өтемақы төлеуге міндетті», – деді сарапшы.
Көрермендердің бірі келісім-шартсыз жұмыс істеп, жарақат алған кезде өтемақыны өндіру жайында сұрақ жолдады. А.Сәдуақас мұндай жағдайда келісім-шарт жасаспаған жұмыс беруші заңды бұзғанын ерекше атап өтті. Оған заңға сәйкес міндетті түрде айыппұл тағылады. Алайда бұл кезде де жұмыс беруші сақтандыру төлемінен босатылмайды.
Сондай-ақ әскери қызметкер тікелей эфирдің тақырыбына байланысты сарапшыға өз сұрағын жолдады. Оның айтуынша, басшылары қызметкерді оның міндетіне жатпайтын жұмысты орындауға жіберді. Сол жерде азамат жарақат алды. Көрермен осындай жағдайда өтемақыны қалай алатынын сұрады.
«Егер әскери қызметкердің бастығы оны міндетінен тыс жұмысты орындатса, бұл қылмыстық заңнамамен жазаланатын әрекет болып саналады. Сол себепті қызметкер әскери-тергеу басқармасына, әскери полицияға жүгініп, арыз жазу керек. Сонда өтемақыны талап етуге болады»,-деді спикер.
Интернет-қабылдау көрермендерінің бірі әкесінің өзі жұмыс істейтін кәсіпорнында қаза тауып, бірақ туыстары сот арқылы тиісті өтемақыны ала алмағанын хабарлап, заңгерлік кеңес сұрады.
«Марқұмның туыстары сотта жеңілсе, одан жоғары тұрған сот органдарына жүгіну керек. Жоғары сотқа барып, арыз жазуға болады. Ол үшін қажетті дәлелдемелер жинап, талап етілетін өтемақының нақты сомасын көрсеткен абзал», – деп жауап берді сарапшы.
«Әділдік құқығы» жобасы қазақстандықтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Трансляция қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Сондай-ақ азаматтардың adildik.org.kz@gmail.com электронды мекенжайға сұрақ жіберіп, заңгерлік кеңес алуына мүмкіндігі бар. «Әділдік құқығы» жобасының алаңында әрбір адам өзінің құқығын қорғауға қатысты сұрақтарына жауап ала алады.